jasqazaq.kz

Шымкент: “Отбасын қолдау орталығы” – отбасы институтының тірегі

21 шiлде, 19:37

Шымкент қаласындағы Отбасын қолдау орталығы отбасы институтын қолдаудағы басты тірекке айналып келеді. 2020 жылдан бері жұмыс істейтін орталық тек атауын ғана емес, жұмыс істеу форматын да жаңартқан.

Бүгінде орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғап, әлеуметтік психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп қана қоймай, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алудан бастап аналарды кәсіпке бейімдеуге дейінгі кешенді қолдау тетіктерін іске асырып отыр.

Орталық құрылған сәттен бастап 117 мыңнан астам отбасыға түрлі көмек көрсеткен. Оның ішінде тек 2025 жылдың алғашқы алты айының өзінде 5032 отбасы 9064 әлеуметтік қызмет алған.

Қызмет алушылардың 1342-сі FSM Social ақпараттық жүйесінде тіркелген. Ал 296 отбасылық жағдай бойынша мемлекеттік мекемелерден орталыққа арнайы сигнал келіп түскен. Осы сигналдар негізінде көмек шаралары қолға алынып 267-сі орындалу барысында 29-ы толығымен қамтылған.

Бұл цифрлық модель арқылы ерте анықтау мен жедел әрекет ету жүйесі қалыптасқанын көрсетеді. Бүгінгі күні қаладағы төрт аудан бойынша 752 қызметкерден құралған мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

Олар үйлерді аралап өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтап кешенді қолдау ұсынып келеді. Сонымен бірге мекенжайы бойынша анықтау жұмыстары да қарқынды жүргізілген. 2025 жылдың мамыр мен маусым аралығында 792 отбасы араланып 296-сымен жұмыс басталған. Қалған 496 отбасының нақты тұрғылықты жері анықталмаған.

Орталық тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударуда. Жергілікті полициямен бірлескен іс шаралар аясында 114 азамат орталыққа жолданған. Соның ішінде 57 агрессормен жеке жұмыс жүргізіліп нәтижесінде олар отбасымен татуласқан. 399 адам психолог қабылдауында болса 174 адам заңгерден кеңес алған.

Әйелдер мен аналарға, мүгектігі бар жандардың құқығын қорғау бағытында 107 іс шара өтіп оған 1176 ана тартылған. 1819 анаға тұрғын үй мәселесі түсіндіріліп 1020 ана порталға тіркелген олардың 11-і мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған. 755 ана қысқа мерзімді кәсіби курсқа жазылып 166-сы аяқтаған.

Ақпараттық жұмыстар бойынша әлеуметтік желілерде 145 пост 210 фото мен 70 бейнеролик жарияланған. Ал орталық туралы мақалалар отандық басылымдар мен телеарналарда жарық көрді. Орталық жұмысы шетелдік және республикалық деңгейдегі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып тәжірибе алмасуға келушілер легі артып отыр.

Ақтөбе облысынан келген делегация орталық жұмысын үлгі ретінде таныды. Бүгінде бұл орталық отбасылық құндылықтарды нығайтудағы сенімді жүйеге айналып келеді.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

Бүгін, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы