jasqazaq.kz

Шымкент: Ономастика саласындағы жұмыстар жалғасып жатыр

05 қараша, 19:35

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қаладағы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекет меншігіндегі нысандарға атау беру және қайта атау жұмыстарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді.

Қалада бүгінде 3 865 көше бар. Оның 2 704-і тарихи жер-су және дәстүрлі атауларға ие болса, 988-і тұлғалардың есімдерімен аталады. Сонымен қатар, 226 көшенің атауы ескірген, 173 көшеге атау берілмеген, ал 44 көшенің атауы қайталанады. Шымшаһардың ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Талдау нәтижесінде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды заманауи әрі тарихи әділеттілік тұрғысынан өзгерту, сондай-ақ атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру жұмыстары қолға алынған. 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 20 тұлғаның есімін беру ұсынылып, оның 10-на келісім алынған.

Биыл Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында 11 көше мен 1 аллеяға жаңа атау беріліп, 8 көше қайта аталады. Жаңа атаулардың 11-і — жер-су және дәстүрлі тарихи атаулар, 9-ы — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері.

Қазіргі таңда 465 көшеге қатысты 2026–2027 жылдарға арналған жол картасы әзірленіп, мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылды.

Шымкент қаласында көше атауларын жаңарту – тарихи жадыны жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Сондай-ақ Шымкент қаласында жер телімдерін зерделеу барысында құжатсыз салынған және мемлекет жерін заңсыз иелену фактілері анықталуда. Қазіргі таңда қала аумағында осындай 2 314 құрылыс нысаны тіркелген.

Анықталған нысандардың басым бөлігі Абай ауданында – 1 493, Тұран ауданында – 283, Еңбекші ауданында – 251, Қаратау ауданында – 234 және Әл-Фараби ауданында – 53 нысан. Оның ішінде 1 831-і жарамды, 483-і жарамсыз деп танылды.

Бүгінде жарамсыз 187 құрылыс және үй салу үшін құйылған 63 іргетас бұзылды. Ал адам тұруға жарамды нысандардың құжаттарын рәсімдеу мәселесі ҚР Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

Қала әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару департаменті жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану және заңсыз иеленудің алдын алу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі   

 

 

 

Бүгін, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті