Шымкент: Өңірлік азаматтық форум жастар саясаты мәселелеріне арналды

18 тамыз 2023, 18:34

Бүгін Шымкент қаласында «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік Азаматтық форум өтіп жатыр. Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева және Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты.

–Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыруға ерекше назар аударып отыр. Қазіргі таңда Шымкент қаласында да азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Оның бірі дәлелі ретінде қалада 550-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркеліп жұмыс істеп жатқанын айтуға болады, – деді форумның ашылуында сөз алған қала әкімі М.Әйтенов.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы мен нығаюына берік заңнамалық негіз қаланып жатқанын атап өтті.
–Президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы қазір Мәжілістен өтіп, қазір Сенаттың қарауына келіп түскен. Сонымен қатар бүгінде «Онлайн петиция институты туралы» заң жобасы да Сенаттың қарауына ұсынылған. Сондай-ақ, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға да өзгертулер енгізуге бағытталған жоба Мәжіліске жолданды, – деген министр бұл заңнамалық негіздер азаматтық қоғам институттарының халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге және қоғамдық-саяси жүйені жаңғырту ісіне қазіргіден де белсендірек атсалысуына мүмкіндік беретінін айтты.

Форумда Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсы төрағасы Жұмағали Білісбеков, «Жас ғалым-жастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Амантай Төлтебаев және өзгелер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, өңірлік форумда айтылған ұсыныстар мен көтерілген бастамалар тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданып, ең өзектілері қазан айында Астана қаласында өтетін республикалық Азаматтық форумның күн тәртібіне ұсынылады.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз