Шымкент: «Нұр» шаруа қожалығы кластерлік жобада көш бастап тұр

18 тамыз 2023, 18:40

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы бағытындағы кластерлік жобаны дамыту үшін 91 кластерлі жобаның тізімі анықталған. Жыл басынан бері 62 кластерлік жоба жүзеге асырылды. Олар – құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара мен балық шаруашылығы. Соның бір дәлелі – Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі ғалымдары мен мамандарының қатысуымен жасыл салат көкөніс дақылдарын конвейерлік өсіру технологиясы бойынша ендірілген кластерлі жобасы.

Бұл жоба аясында «Нұр» шаруа қожалығының 1 гектер алқабына тамшылатып суғару әдісін ендіре отырып, тәжірибе ретінде сынақтан өткен. Суғару жүйесінде кез келген аулаға орнатуға болады. Қашыртқы су жоқ жеміс тамшылату арқылы нәр алады. Ендігі кезекте Шымкент жағдайында салат көкөніс дақылдарын осы түрлерін өсіру бойынша шаруашылықтарға ғалымдар нақты ұсыныс беріп, қаламыздағы кластерлі жобаларды ары қарай жалғастырмақ.
Шымкент көкөніс пен бақ өндіруге еліміз бойынша ең қолайлы қала. Десекте күз қыс мезгілінде мегаполис тұрғындары импорттық өнімдерге тәуелді. Жаңа жобаны ауласында артық жері бар тұрғындар қолға алса біріншіден өзін жұмыспен қамтып қосымша қаржы табуға, екіншіден шаһарды жергілікті өніммен қамтуға тиімді.

Ауладағы жерден жылына екі үш өнім алуға болады. Жердің тозығы жеткен болса оның құнарын арттыруға арналған түрлі тыңайтқыштар бар. Жиында көкөніс, бақша дақылын құнарландыруға арналған тыңайтқыштардан көрме ұйымдастырылды. Онда химиялық қоспалардан бөлек органикалық тыңайтқыштарда көпшілік назарына ұсынылды.

Семинарда алғы сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов ұсынылып отырған жобаның тиімділігіне тоқталды. Үй іргелік жерінен жеміс аламын деген азаматтардың бұл жиыннан үйренері көп. Шаруалар мен ғалымдар бір жерден екі-үш өнім алудың жолдарын түсіндіреді. Осындай кәсіп бастаймын дегендерге мемлекет тарапынан да қолдау бар.

Мұндай агрокластерлік жобаларға мемлекет тарапынан «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Ұлттық жобасы» аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында жыл сайын мемлекеттен 2,5-3 млрд. теңге көлемінде 8 бағыт аясында қолдау көрсетілу көзделген. Берілетін барлық мемлекеттік қолдау толығымен автоматтандырылған. 2023 жылға ауыл шаруашылығы саласы үшін Шымкент қаласына бөлінген субсидияның көлемі 3,9 млрд. теңгені құрайды екен.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз