jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көп

10 қыркүйек 2025, 14:07

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев Jas Qazaq тілшісіне мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, инклюзивті білім беруді дамыту туралы айтып берді.
Басқарма басшысының мәліметінше, мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 47 924 өтінім келіп түсіп, бүгінгі таңға 37 254 (77,8%) қамтамасыз етілген.
Атап айтқанда:
— протездік-ортопедиялық көмек құралдарына 8 430 өтініш қабылданып, 5 304 құралмен қамтылды (63%);
— сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарға 20 536 өтініш қабылданып, 17 834 құралмен қамтылды (86,8%);
— мүгедектерге арналған қоларба құралдарына 1 283 өтініш қабылданып, 1 123 құралмен қамтылды (87,6%);
— жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 988 азамат мұқтаж болса 2 954 азаматқа қызмет көрсетілді (98,7%);
— 14 687 азаматтан шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға өтініштер қабылданып, 10 039 азамат қамтылды (68,4%).
Ерлан Есқараев«Ерекше жандарға арналған инфрақұрылым (пандус, арнайы көлік, реабилитациялық орталық) салуға бөлінген қаржы көлемі қанша?» деген сауалға былай деп жауап берді:
Биыл 277 нысанды бейімдеуден өткізу іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңға 50 нысан бейімдеуден өткен.
Сонымен қатар, мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватаксидің» 38 көлігіне 371 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілуде. Оған бюджеттен 242,0 миллион теңге қарастырылған.
«Шымкент қаласындағы 150 орынға арналған мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы» нысан бойынша біріңғай жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың (оң) қорытындысы алынды. Бұл жобаның құны — 14 244,2 млн теңге.
Оңалту орталығының құрылысына республикалық бюджеттің нысаналы трансферт есебінен 2025 жылға 5 375 млн теңге қарастырылған. 2026 жылға құрылысын жалғастыруға 4 625 млн теңге қарастыру болжануда.
Ерлан Есқараев: «Қазіргі кезде Шымшаһарда 42 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде оңалту шараларын қажет ететін 5 220 азамат бар.
Аталған 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығы іске қосылғанда жылына 1800 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылатын болады. Үш жыл ішінде 5220 адам оңалту шараларымен толық қамтылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары қорғалатын болады», — дейді.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?