jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік орталық қызмет көрсетеді

30 шiлде, 19:15

Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһарда да бұл жұмыс күн тәртібінен түскен емес. Көмекке мұқтаж жандарға арнап түрлі орталықтар ашылған.  Айталық, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсетуде маңызды роль атқарып келеді. Қаладағы  Әлібек Жангелдин көшесі, №13А мекенжайында орналасқан бұл мекеме І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық жағдайда арнаулы қызмет түрлерін ұсынып отыр.

Орталық бір уақытта 70 қызмет алушыны қабылдай алады. Мұнда келушілерге үш мезгіл тегін тамақ ұсынылады. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында бұл мекемеден 321 азамат арнаулы әлеуметтік қызмет алған екен.

Сондай-ақ орталықта емдік және оңалту шараларына айрықша назар аударылған. Қызмет алушыларға емдік дене шынықтыру, парафинотерапия, массаж, фито-шай, сонымен қатар физиотерапияның түрлері – УФО, электрофорез, биоптрон, магнитотерапия ұсынылады. Бұдан бөлек, екі арнайы жаттығу залы бар. Мұнда реабилитолог мамандардың қатысуымен оңалту жаттығулары жүргізіледі. Ғимаратта гидромассаж, тұзды ванна және циркулярлы душ бөлмелері жұмыс істейді.

Орталықта еңбек терапиясы шеңберінде 206 қызмет алушы қолөнер және тігін ісімен айналысуда. Олардың көпшілігі өз қолымен жасаған бұйымдарын сатылымға шығарып, қосымша табыс көзін табуға мүмкіндік алуда.

Мәдени-шығармашылық бағыттағы жұмыс та назардан тыс қалған емес. Қызмет алушылар домбыра, гитара, сырнай, вокал және шешендік өнер бойынша үйірмелерге қатысып, концерттер мен түрлі мәдени шараларға белсене қатысуда. Мекеме жанында ұйымдастырылатын шеберлік сабақтары олардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етуде.

Сонымен қатар, орталықта психологиялық қолдау қызметі де жолға қойылған. Жеке және топтық кеңестер, мотивациялық тренингтер тұрақты өткізіліп, қызмет алушылардың көңіл-күйіне, психологиялық жай-күйіне оң әсерін тигізуде.

Қорыта айтқанда, аталмыш мекеме – мүмкіндігі шектеулі жандарға жай ғана көмек көрсететін орталық қана емес, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың қоғамнан шеттеп қалмауына барынша жағдай жасап, өз әлеуетін жүзеге асыруына жол ашатын сенімді орта.

JQ-Aqparat 

Бүгін, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы