jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына жағдай жасалған

09 тамыз, 16:17

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетуде олардың денсаулығын шыңдап, спортпен айналысуына жан-жақты жағдай жасалған.

Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы jasqazaq.kz сайтының тілшісіне осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді.

Мәслихат депутаты келтірген мәлімет бойынша, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 927 адамға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде:18 жасқа дейінгі балалар – 188 (тірек қимыл аппараты бұзылған балалар – 140, психоневрологиялық ауытқуы бар бала – 48), 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар адамдар – 98, жалғызілікті қарттар – 644 (1,2 – топ мүгедектігі бар – 88, зейнеткерлер – 473, тыл ардагерлері — 83).

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс атқаруда.

Спорт мектебінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Паралимпиадалық және Спешиал-Олимпикс бөлімдері жұмыс істейді.  388 спортшы спорттың 18 түрімен шұғылданады. Олар: суға жүзу, жеңіл атлетика, үстел тенисі, голбол, садақ ату, таеквондо, шоудаун, еркін және грек-рим күресі, футзал, футбол, дзюдо, армрестлинг, пара би, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, баскетбол. Спорт мектепте ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері – 1, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 10, ҚР спорт шебері -16, спорт шеберлігіне кандидат – 52, бірінші  санатты – 7 спортшы бар. ҚР ұлттық құрамында 103 спортшы енгізілген, оның ішінде Паралимпиалық спорт түрлерінен 34 спортшы; Сурдлимпиалық спорт түрлерінен 54 спортшы; Паралимпиалық емес спорт түрлерінен 15 спортшы. Спортшылардың оқу-жаттығу өтетін орындары: «Қажымұқан атындағы орталық стадион»; «Жеңіл атлетикалық спорт кешені»; «Садақ ату» спорт кешені»; «Денсаулық» су-спорт кешені»; «Металлург» спорт кешені»; «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» спорт залы; Шымкент қаласының көру мүшелері төмен жандарға арналған арнайы кітапхананың спорт залы; «Үміт» мектеп-интернатының спорт залы; «Жігер» күрес залы; «Сұңқар» спорт кешені»; Сайрам көмекші мектеп-интернат колледжі арнайы кешенінің спортзалы жұмыс істейді.

Олжас Әбіхалық

Сурет: inva.kz

 

 

 

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет