jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандар спорт саласында зор жетістікке жетуде

09 тамыз, 16:20

Біздің елімізде мүгедектігі және ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен айналысуына барлық жағдай бар. Шымкент қаласында да спортпен айналысып қана қоймай, осы салада талай биікті бағындырып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар жетіп артылады.  Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы jasqazaq.kz сайтына берген сұхбатында мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттағы жетістіктеріне тоқталып, мәслихат тарапынан оларға қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтып берді.

Сондай қолдаудың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына жан-жақты жағдай жасауды қамтиды. Олар қалаған спорт түрімен айналысып қана қоймай, сонымен бірге осы салада жоғары жетістіктерге де жетіп жүргенін айту керек.

Бахадыр Мәдәліұлының мәліметінше, 2024 — 2025 жылдың шілде айына дейін спортшылар спорт түрлерінен 222 алтын, 181 күміс, 123 қола иеленді. Оның ішінде Әлем чемпионаттарында 1 күміс, 2 қола, Әлем Кубоктарында 4 алтын, 3 күміс, 3 қола, Азия Чемпионаттарында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.  Әлемдік серияда 1-күміс. Халықаралық лицензиялық турнирде 4-қола. ҚР жазғы VII Спартакиадасында 39 алтын, 19 күміс, 14 қола. Қазақстан Республикасының Чемпионатында 147 алтын, 126 күміс, 76 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының Кубогында 27 алтын, 23 күміс, 17 қола. Қазақстан Республикасының және Халықаралық Турнирде 3 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль иеленді. Спорт мектептің жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен және ұлттық құрама сапына енген 55 спортшысына ай сайынғы ақшалай төлемдері тағайындалған.

Биылғы жылға арналған спорттық бұқаралық іс шаралар күнтізбе жоспарына сәйкес, үстел теннисі, шағын футбол, шахматтан түрлі жас ерекшеліктері бойынша «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Салауатты өмір салауатты насихаттау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында мектептің Ашық Біріншіліктері өткізілді.

«Шымкент қаласының №19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ-ге 2025 жылға жергілікті бюджеттен спортшыларды дәрі дәрмектер мен дәрумендермен қамтамасыз етуге 1135,0 мың теңге, спорттық мүкәмаллар мен спорттық құралдар сатып алуға 8465,2 мың теңге, спорттық іс шараларға 58513,0 мың қаралған.

Бахадыр Мәдәліұлы: «Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті», — дейді. Сол себепті қалалық мәслихатта әрмен қарай да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Олжас Әбдіхалық 

Сурет: inva.kz

 

 

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу