jasqazaq.kz

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі 1 120 адам жұмыспен қамтылады

09 тамыз 2025, 16:15

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатардан қалмай, толыққанды өмір сүруі үшін олардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасалуы қажет.  Шымкент қаласында бұл міндет қалай жүзеге асырылып отыр?  Бұл туралы jasqazaq.kz сайтының тілшісіне Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы жан-жақты мәлімет берді.  

Мәслихат депутаты келтірген мәліметтер бойынша, ағымдағы жылы 1 120 мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда, Еңбек мобильдігі орталығымен 585 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа жолданды. Атап айтқанда, 20 адам «Күміс жас» жобасына, 125 адам қоғамдық жұмысқа орнына, 28 адам жастар практикасына, 11 адам әлеуметтік жұмыс орнына, бір адам алғашқы жұмыс орны жобасына, 209 адам тұрақты жұмысқа, 166 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша және бір адам кәсіптік оқытуға жолданған.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар 24 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алған.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін биылғы жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша 60 жұмыс берушіде 199 жұмыс орны белгіленген. Белгіленген квотаға сәйкес, 76 мүгедектігі бар адам жұмысқа жолданған.

Сонымен қатар, Басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекемелер жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшіріліп жатыр.

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту мақсатында биылғы жылы қалада екі Орталық ашылуда. Атап айтқанда:

  1. «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сіүш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға 150 жатын-орынға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған;
  2. «№12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға 50 жатын-орынға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда, Орталықта 150 аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер алуда.

JQ-Aqparat

 

 

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді