jasqazaq.kz

Шымкент: Мүгедектігі бар жандарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту — мәслихат назарында

09 тамыз, 16:07

Шымкент қаласында мүмкіндлігі шектеулі жандарға қолдау көрсету және инклюзивті қоғам құруға айрықша мән беріледі. Бұл орайда қалалық мәслихат тарапынан да біраз шаруа қолға алынған. Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы шаһардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы jasqazaq.kz сайтының тілшісіне әңгімелеп берді.

Бахадыр Мәдәліұлының айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың күтушілеріне санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 пайызы мөлшерінде көмек берілуде.

Сонымен қатар, «Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібімен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, оқыту шараларына ақы төлеу тәртібі бекітілген.

Шымкент қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы» Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы есебі тыңдалды. Есеп Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясында, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында кеңінен талқыланып, 2025 жылғы 11 маусым күні Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХVІІ сессиясында бекітілді.

Қалада «Шымкент қаласында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі», «Шымкент қаласында әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиясы» құрылған. Комиссия құрамында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары енгізілген. Депутаттар комиссия жұмысына тұрақты қатысуда.

Муковисцидоз диагнозымен ауыратын 6 балаға «Урсофальк» дәрілік заты және тегін берілетін дәрілер тізбесіне 6 нозология бойынша дәрі-дәрмектер (Анакинра, Тезепелумаб, Секукинумаб, Селуметиниб, Сатрализумаб, Селексипаг) енгізу бойынша мүгедектігі бар адамдардың қамқоршылары В.Смирнова, Г.Эрмухамедова,Ж.Шымырбекова, К.Павлюк М.Савченко, Н.Жақсыбаевалардың және т.б. белсенді азаматтардың ұсыныстары жеке қабылдауда, депутаттармен кездесуде, тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, бірнеше рет талқыланды.  Мәслихат депутаты осы ұсыныстардың зерделенген. Соның нәтижесінде аталған дәрі-дәрмектер тегін берілетін дәрілер тізбесіне енгізу бойынша «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімі қабылданды.

Олжас Әбідхалық 

 

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу