jasqazaq.kz

Шымкент: Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағдарламасы қалай жүзеге асады?

09 тамыз, 16:11

 

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау, инклюзивті даму және ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмір сапасын арттыру – қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар мен өкілді билік органдары, соның ішінде мәслихаттар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Jasqazaq.kz сайтына Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлымен сұхбаттасып, қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтып берді.

«Жергілікті бюджетті бекіту кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен жобаларға қаншалықты қаржы бөлінеді? Осы бағыттағы нақты жобалар мен қаржыландыру көлемі туралы мәлімет бере аласыз ба?» деген сауалға Бахадыр Мәдәліұлы былай деп жауап берді:

«Шымкент қаласында 42 479 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның ішінде:

— бірінші топтағы мүгедектер – 4 876;

— екінші топтағы мүгедектер – 15 567;

— үшінші топтағы мүгедектер – 13 7612);

— 18 жасқа дейінгі 8 275 мүгедек балалар.

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойына биыл  мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 14,7 млрд теңге бөлінді.

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің ЭЦП электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізді.

Мүгедектігі бар азаматтарды реабилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына әлеуметтік көмектер көрсетіліп қамту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға, 41 788 өтінім келіп түсіп, 30 167 (72,2%) қамтамасыз етілді. Атап айтқанда:

— протездік-ортопедиялық көмек құралдарына 594 807,0 мың теңге;

— сурдотехникалық құралдарға 158 767,0 мың теңге;

— тифлотехникалық құралдарға 518 075,0 мың теңге;

— міндетті гигиеналық құралдарға 4 670 086,0 мың теңге;

— арнаулы жүріп тұру құралдарына 353 749,0 мың теңге;

— жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметіне 3 573 768,0 мың теңге;

— есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметіне 317 572,0 мың теңге;

— мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 1032 балаға 109 561,0 мың теңге;

— шипажай орындарына емделу үшін жолдамаға 3 945 594,0 мың теңге;

— мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы жабдықталған Инватакси қызметіне 38 автокөлікке 241989,0 мың теңге бөлінген».

 

JQ-Aqparat

Сурет: sfr.gov.ru

 

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ