jasqazaq.kz

Шымкент: Музыкалы-лазерлі субұрқақ көрікті орынның біріне айналды

12 қараша 2025, 19:21

Жуырда Шымкент қаласының «Көл» демалыс аймағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде іске қосылды. Жаңа нысан шаһар көркін одан әрі ашып, қарқынды дамудың символы ретінде ерекше әсер қалдыруда. Бұл – Шымкенттегі лазерлік, жарық және отты шоуды біріктірген алғашқы кешенді субұрқақ. Жарық, музыка және отты көріністер кешкі және түнгі мезгілде тамаша үйлесіп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше әсер сыйлайды.
«Көл» демалыс аймағындағы осындай ерекше субұрқақтың ашылуы – қаладағы демалыс инфрақұрылымын дамыту және жайлы ортаны арттыруға бағытталған кешенді абаттандырудың маңызды кезеңі. Әсемдік, технология және қолайлылықты үйлестірген жаңа кешен ашыла салысымен Шымкент тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды және алдағы уақытта мегаполистің көрікті орындарының біріне айналғаны сөзсіз.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек осы субұрқақтың ашылуы мен оның жұмыс кестесіне тоқталды.
Субұрқақта заманауи жүйе орнатылған: ол қалыпты ырғақтағы музыкалық композицияларды да, лазер сәулелі динамикалық шоуларды да орындай алады. Барлық техникалық элементтер шетелде әзірленіп, монтаждау кезінде энерготиімді шешімдер мен автоматты басқару жүйелері қолданылды. Бұл субұрқақтың жұмысын оңтайландырып, күтіп-ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа нысанның жұмыс кестесі төмендегідей:
• 18:00–18:20
• 19:00–19:20
• 20:00–20:20
• 21:00–21:20
• 22:00–22:20
Көрермендерге ерекше су қойылымы ұсынылады. Субұрқақтар маусымы ресми аяқталғанымен, қала тұрғындары мен қонақтары бірегей қойылымды алдағы жылы күндері тамашалай алады. Одан кейін нысан қысқы маусымда жабылып, келесі көктемде қайтадан іске қосылады.

JQ-Aqparat

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады