jasqazaq.kz

Шымкент: Медицина мекемелерінде полиция бекеттері ашылды

14 тамыз 2025, 14:50

Соңғы екі-үш жылда медицина қызметкерлеріне қарсы күш көрсету деректері қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Мұндайға жол бермеу үшін Үкімет заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдауға кірісті. Соның нәтижесінде биыл күзде Парламент қарауына енгізілетін заң жобасы бойынша дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтіледі. Айта кеткен жөн, бұл бастаманың негізінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәрігерлердің мәртебесін көтеруге, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған саясаты жатыр. Биыл шілде айында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны күшейту туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын. Президент: «Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек», — деп тапсырды.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында елімізде 50-ден астам медицина қызметкеріне шабуыл жасалған. Бұл – тек ресми тіркелген оқиғалар. Әсіресе, жедел жәрдем қызметкерлеріне, қабылдау бөлімінің дәрігерлеріне және провизорлық стационарлардағы медқызметкерлерге қатысты қауіп артып отыр. Шабуылдардың көбі түнгі уақытта, науқас не туыстарының алкоголь немесе есірткілік мас күйінде болуынан болған. Бұл жағдайлар дәрігерлердің қауіпсіздігіне ғана емес, медициналық көмектің сапасына да кері әсер етуде.
Сондықтан Шымшаһарда медицина қызметкерлерін қорғаудың жолын тауыпты.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаментінің ұйымдастыруымен алты медициналық мекемеде полиция бекеттері жұмыс істей бастады. Олардың қатарында №1 клиникалық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханалар, перинаталдық орталық, қалалық перзентхана және балалар ауруханасы бар.

Полиция бекеттерін ұйымдастыру оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғаларының көбеюіне байланысты қабылданды.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы», «Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» және «Хадиша» емханасында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырып, медициналық мекемелердегі тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментіне бақылауға алу туралы хат жолдады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады