jasqazaq.kz

Шымкент: Медицина кадрлары халықаралық деңгейде біліктілігін арттыруда

29 қазан 2025, 17:17

Шымкент қаласында медицина саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және тәжірибесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Заманауи оқу-әдістемелік, симуляциялық және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген жетекші шетелдік клиникалар мен оқу орталықтарында ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне жоғары білікті мамандардың тұрақты келуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек атап өтті.

Жиында келтірілген мәліметтер бойынша, 2023 жылы бұл мақсатқа 183,1 млн теңге қаржы бөлініп, 48 дәрігер қайта даярлаудан өтті. Оның ішінде Израильде – 16, Түркия Республикасында – 32 маман оқыды. 2024 жылы оқытуға 201,9 млн теңге бағытталып, барлығы 165 дәрігер біліктілігін арттырды. Олардың қатарында Ресей Федерациясында тәжірибе жинаған 45 маман және Ресейден шақырылған тәлімгерлер өткізген шеберлік сабақтарына қатысқан 120 маман бар.

2025 жылы медициналық кадрлардың кәсіби даярлығын жетілдіруге 381,9 млн теңге қарастырылып, 374 маманды оқыту жоспарланған. Оның ішінде шетелдік тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Ресейде – 19, Беларусь Республикасында – 2, Литва Республикасында – 33 маман білім алады. Сонымен қатар, шетелдік тәлімгерлердің қатысуымен өтетін оқыту курстары арқылы Ресейден – 250, Беларусьтен – 40 және Литвадан – 30 маман жергілікті дәрігерлермен тәжірибе бөліседі.

Бұл шаралар медициналық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи білім беру технологияларын денсаулық сақтау саласына енгізуге және Шымкент тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, күні кеше Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың уролог-дәрігерлері алғаш рет несеп-тас ауруына шалдыққан науқасқа перкутандық лазерлік нефролитотрипсия отасын сәтті орындады. 1989 жылы туған науқас ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруымен есепте тұрған және бұған дейін бірнеше рет әртүрлі оталар жасалғанымен, асқынулар пайда болған.

Бұл жолы мамандар заманауи минималды инвазивті әдіс — перкутандық нефролитотрипсияны (PNLT) қолданды. Ота кезінде бүйрек тасы тері арқылы небары 1 сантиметрлік тілік арқылы алынып, лазерлік және эндоскопиялық технологияның көмегімен толықтай жойылды.

Мұндай операция түрі бүгінде несеп-тас ауруын емдеудің «алтын стандарты» саналады. Оның басты артықшылықтары — жарақаттың аз болуы, оңалту мерзімінің қысқалығы және жоғары тиімділік. Науқас отадан кейінгі келесі күні өздігінен жүріп-тұра алған.

№1 қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет жасалған бұл күрделі ота Шымкенттің урологиялық қызметінің жаңа деңгейге көтерілгенін және медициналық көмектің сапасы артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

JQ-Aqparat

 

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады