Шымкент: Мал шаруашылығы қолдаусыз емес

31 шiлде 2023, 9:42

Шымкент мегаполис болғанымен оның төңірегінде ауыл шаруашылығы бағытына арналған жерлер бар. Жылдан жылға қала халқының саны артып, әлеуметтік құрылыстың көптеп жүргізілуінен мұндай жердің қысқаруына алып келуде. Мәселен, 2022 жылы 30 мың гектар аумаққа тұқым себілсе, биыл 28 мың гектарда дәнді дақылдар мен көкөністер, бақша өнімдері мен мал азықтық және майлы дақылдар өсіріліп жатыр.

Шаһар маңындағы шаруалар жердің қысқарғанына мән берер емес. Олар жыл сайынғы диқаншылығын жасап, қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерін жетілдіруде. Мемлеукет тарапынан мұндай щаруаларға зор қлодау бар. Атап айтқанда, 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаржы қаралыпты. Мемлекеттен берілетін жәрдемге қол жеткізу үшін ұсақ шаруалар бір кооперативке бірігіп, бірлесе іс атқаруда.

Қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы берген мәліметке сәйкес, бүгінге дейін кооперативтердің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге жуық субсидия қаражаты төленіпті.

Субсидиялауды тарқатып айтар болсақ, етті бағыттағы асыл тұқымды малды сатып алған шаруаға ірі қараның әр басы үшін150 000-300 000 теңге, бордақылау алаңдарына өткізілген малдың әр келісіне 200 теңге, мал басын асылдандырудағы селекциялық ұрықтандыруға жылына 1 басқа 10 мың теңге, мал азығы үшін жылына1 басқа 35 000-50 000 теңге қаралған екен. Ал, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге, ондірілген сүттің 1 литріне 20 теңге, сүтті сиырларды ұрықтандыруға 5 000-10 000 теңге, оның жем-шөбіне 35 000-70 000 теңге беріледі екен.

Жылқы мен түйе, шаруашылығы да мемлекеттің қолдауынан кенде емес. Мұнда да асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге, өндірілген сүттің әр литіріне 60 теңге берілсе, оның азығы үшін бір басқа жылына 30 000 теңге қаралыпты. Құс шаруашылығына келсек, асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге, бір дана жұмыртқаға 3 теңге, өндірілген құс етінің әр келісіне 50 теңге болып белгіленген. Ендігіде қой мен ешкі шаруашылығы үшін қаралған қаржы төмендегідей. Асыл тұқымдысын сатып алуға 15 000-40 000 теңге, бордақылау алаңдарына өткізілген тоқтыларға 3 000 теңге, асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 2 500-4 000, ал азығы үшін бір басына 8 000 теңге белгіленіпті. Сондай-ақ, Бал ара шаруашылығы бойынша селекциялық асылдандыру жұмысына 1 омартаға 5000 теңге беріледі.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады