jasqazaq.kz

Шымкент: Көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде рәсімделуі қатаң бақылауда

01 қазан 2025, 15:04

Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету – тіл саясатының басты мақсаты. Осы орайда 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында кәсіпкерлік нысандардағы маңдайша, жарнама, мәзір және бағалар мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуі міндеттелген.
Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 16 мыңнан астам нысан зерделеніп, 2380 кәсіпкерге кемшіліктерді түзету туралы ұсынымдар берілді. Оның ішінде 120 нысан заң талаптарына сәйкес реттелді, қалғандары түзету үстінде. Мәселен, «Мадлен», «Мизам», «Nanduk», «Ankara» сияқты танымал дәмханалардың мәзірлері мен көрнекі ақпараттары мемлекеттік тілде қайта рәсімделді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен рифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.
Заңға сәйкес, жарнама мен көрнекі ақпарат алдымен қазақ тілінде, кейін қажет жағдайда басқа тілдерде берілуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда кәсіпкерлерге айыппұл салынады: шағын бизнес үшін – 5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), орта бизнеске – 10 АЕК, ал ірі кәсіпорындарға – 25 АЕК көлемінде.
Тек соңғы айда «Е-Өтініш» порталы арқылы 112 жарнама жобасы келісімге ұсынылып, оның 97-сіне түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Арнайы әдістемелік құралдар дәмханалар мен мейрамханаларға таратылып, WhatsApp, «2ГИС» және әлеуметтік желілер арқылы да жеткізілді.
Дегенмен қала көшелерінде заңға сай келмейтін жаңа жарнамалар әлі де кездеседі. Сондықтан басқарма жарнама агенттіктеріне және кәсіпкерлерге мемлекеттік тіл талаптарын қатаң сақтауды ескертіп отыр.
Бұл шаралар мемлекеттік тілдің беделін арттырып қана қоймай, қала мәдениетін де айшықтай түспек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат