jasqazaq.kz

Шымкент: Көлік қозғалысын оңтайландыру және қылмыстың алдын алу шаралары

05 қараша, 19:10

Шымкент қаласы аумағындағы көше қиылыстарында көлік кептелістерінің алдын алу және жол қозғалысын реттеу мақсатында бағдаршам нысандарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы және өзге де мәселелер туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сөз етілді.

Жол қозғалысын реттеу мақсатында Т. Рысқұлов – Жолан батыр көшелерінің қиылысында бағдаршамның қосымша секциясы жасыл түсті «(+)» белгісіне ауыстырылды. Д. Қонаев – Тәуке хан даңғылдарының қиылысында оңға бұрылуға арналған қосымша секция орнатылды. Бәйтереков – Н. Назарбаев көшелерінің қиылысында Н. Назарбаев даңғылынан оңға бұрылуға мүмкіндік беретін секция қосылды. Қ.Қазиев – Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысында солға бұрылуға арналған жасыл «(+)» бағдаршам орнатылды.

Бұл шаралар көлік қозғалысын жеңілдетіп, жолдағы кептелістерді азайтуға бағытталған. Қала әкімдігі тарапынан көлік инфрақұрылымын жетілдіру және тұрғындарға қолайлы қозғалыс жағдайын жасау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Сондай-ақ Сәрсен Құранбек қалада интернет-аляқтық пен жол-көлік оқиғалары жиілегеніне де тоқталып өтті.

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдары 179 қылмыстық істі тіркеп, оның 3-ін сотқа жолдады. Ең жиі тіркелген қылмыстар — алаяқтық (63 іс), ұрлық (44), есірткі айналымы (11) және жол-көлік оқиғаларына қатысты (9).

Алаяқтықтың негізгі түрлері интернет арқылы жасалған: тауар жарнамасы (16), жалған инвестиция (4), өздерін банк не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстыру (12), несие рәсімдеу (4), коммуналдық қызмет өкілдері атынан қоңырау шалу (6).

Мәселен, белгісіз адам өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерден 600 мың теңге иемденген.

Сондай-ақ тұрғындарға өз банк карталарын бөгде адамдарға бермеу ескертілді. Бір жағдайда азамат өз картасын танысына уақытша беріп, ол арқылы есірткі сатумен айналысқан тұлға есеп айырысқан.

Қалада жол-көлік оқиғаларының көбеюі — жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен телефонға алаңдауынан, жаяу жүргіншілердің жолды рұқсатсыз кесіп өтуінен және кәмелетке толмағандардың скутер, самокатты ережесіз жүргізуінен болып отыр.

Сондықтан әркім де алаяқтардан сақ болуға, көлік жүргізгенде жол ережесін қатаң сақтауға және балалардың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

JQ-Aqparat

Сурет: otyrar.kz/

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет