jasqazaq.kz

Шымкент: Көксайда 8 отбасыға жаңа пәтер берілді

07 қазан 2025, 21:13

Соңғы екі-үш жылдан бері Шымкент қаласында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламаның мақсаты – апатты және ескі тұрғын үйлерді жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту және заманауи қалалық орта қалыптастыру.

Бүгінгі күні халық арасында «Зеленая балка» аталып кеткен Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда. Шағынаудан тарихы 1915 жылдан бастау алады. Қалада теміржол құрылысы қолға алынған тұста мұнда тұрғындар қоныстана бастайды.

Елдімекенді «Нахаловка» деп те атайды, өйткені үйлердің едәуір бөлігін азаматтар өз бетінше, құжаттарсыз салған. Тұрғындар криминогендік және тұрғын үй жағдайларына байланысты мәселелерді бірнеше рет көтерген. Көп пәтерлі үйлердің дені ғасырдан астам уақыт бұрын салынған және апатты жағдайда.

Шағын ауданға арнайы барып, тұрғындардың ұсыныстарын ескерген қала әкімі маңызды шешім қабылдады. Тұжырымдаманың алғашқы кезеңі — көппәтерлі үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша
тұрғындарды ескі үйлерден жаңаларына көшіру. Бүгінге дейін 9 көппәтерлі үйден 83 отбасы жаңа баспаналы болды.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы сегіз отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады. Қала басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, қуаныш иелеріне бақ-береке, жайлы ғұмыр тіледі. Әрленген пәтерлердің бөлмелері бұрынғы пәтерлердің бөлме санына сәйкес келеді.

Тұрғындар толық қоныс аударғаннан кейін аудандық әкімшілік ғимаратын, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, әлеуметтік нысандарды, көппәтерлі үйлер мен саябақтарды салу, қолданыстағы мектепті кеңейту, сондай-ақ Көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру жоспарлануда.

Шағынауданды жаңғырту тұжырымдамасын іске асыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жоба қала инфрақұрылымын жаңартуда ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруда да маңызды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді