jasqazaq.kz

Шымкент қысқы маусымға дайын

22 қазан 2025, 20:15

Шымкент қаласында қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі — қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қала аумағында жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес ұйым атқаратын болады.
Ағымдағы жылы қысқы маусымға дайындық аясында 243 арнайы техника толық дайындалып, тиісті тексеруден өтті. Сонымен қатар, орталық көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге күн сайын шамамен 2000-ға жуық жұмысшы жұмылдырылмақ.
Аудандық деңгейде де дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде:
• Абай ауданы бойынша қар тазалау жұмыстары 8 бағытта ұйымдастырылып, 80 магистралды көшенің тазалығына 37 арнайы техника қатысады.
• Әл-Фараби ауданында 5 бағытта жұмыс ұйымдастырылып, 109 көшенің тазалығын қамтамасыз ету үшін 42 техника жұмылдырылмақ.
• Еңбекші ауданында 83 көшеге арналған 5 бағыт бойынша 49 арнайы техника дайын тұр.
• Қаратау ауданында 83 магистралды көшенің қар тазалау жұмыстарына 53 техника бөлінеді.
• Тұран ауданында 6 бағытта ұйымдастырылған жұмыстар аясында 111 көшеге 62 техника қатыстырылмақ.
Қыс мезгілінде көше бойында мұз қатудың алдын алу үшін арнайы мұзға қарсы реагенттер мен инертті материалдар қоры жасақталған. Оның ішінде 25 мың текше метр құм және 15 мың тонна тұз дайындалған. Бұл материалдар барлық аудан әкімдіктері арасында теңдей бөлінді.
Қарды уақытылы шығару мақсатында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, арнайы бос жер учаскелері қар төгу орындары ретінде белгіленді.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарты аясында барлық қажетті техника мен кадрлық ресурстар толық қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласының коммуналдық қызметтері қысқы маусымдағы ауа райының кез келген қолайсыз жағдайларына дайын. Тиісті қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
JQ-Aqparat

Сурет: jsk.kz

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)