jasqazaq.kz

Шымкент: Құрылыс заңға сәйкес жүргізіледі

19 қараша 2025, 17:12

Еліміздің заңнамасы бойынша кез келген құрылыс ғимараты арнайы рұқсат бойынша салынуы тиіс. Алайда құрылысты заңсыз жүргізу деректері әлі де кездеседі. Шымкентте Адырбеков көшесі, №70 ғимаратта заңсыз құрылыс анықталды. Бір қабатты монша, дүкен және салоны рұқсатсыз біріктіріліп, емдеу орталығына айналдырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Қала басқармасы құрылыс иесіне заң талаптарын түсіндіріп, құрылыс тоқтатылды. Сондай-ақ, оған 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек құрылыс бастамас бұрын рұқсат алу және құрылыс нормаларын сақтау – қауіпсіздік пен заңдылықтың кепілі екенін ескертті. Заң талаптарын орындау қала тәртібін сақтауға және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Сәрсен Құранбек «Жұлдыз» индустриалдық аймағында теміржол тұйығы салынып жатқанын айтып өтті.
Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағында кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетіп, логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа теміржол тұйығының құрылысы қарқын алып жатыр. Жобаны Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «INTEGRA Construction KZ» компаниясы жүзеге асыруда.

Жаңа инфрақұрылым өндіріс орындарын Текесу станциясы арқылы еліміздің теміржол жүйесіне тұрақты қосуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жүктерді жедел жеткізу, шығындарды азайту және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға айтарлықтай әсер етеді.

Жоба аясында ұзындығы 5 шақырым болатын, бес жолақты теміржол тұйығы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде және жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл бастама индустриалдық аймақтың логистикалық инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, Шымкенттің өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа инвестиция тартуға жол ашады.

JQ-Aqparat

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді