jasqazaq.kz

Шымкент: Құрылыс пен жол саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

18 тамыз, 14:15

2025 жыл – ел көлемінде Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде аталып өтуде.

Бұл бастама қоғамда жұмысшы еңбегінің маңызын арттырып, кәсіби-техникалық бағыттағы мамандықтарды насихаттауға бағытталған. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик секілді білікті мамандар ел экономикасының нақты тірегі саналады. Қазіргі уақытта еңбек нарығында қолынан іс келетін, кәсібіне адал жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары.

Елімізде тамыз айында құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ осы саладағы үздік қызметкерлерге «Алғыс хаттар» табыс етті.
Шаһар басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Оның айтуынша, солардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеріп жатыр. Мұндай игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін сүруін қамтамасыз етеді.

Айта кеткен жөн, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленгеннен бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарланып қойды. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда. Жыл сайын орта есеппен 250 шақырым жол жөнделсе, биыл бұл көрсеткіш 1 059 шақырымға жетеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 10:45
Дархан Сатыбалды посетил новый сквер в Алматы
Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы