jasqazaq.kz

Шымкент: Құрылтай мен Халық кеңесі қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді

Бүгін, 21:44

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Әл-Фараби ауданындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Махамбетқали Ахметов және аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Аршын Әлжанова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы туралы пікір білдірді.
Ақпараттық-түсіндіру тобы Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе білім беру саласына қатысты негізгі нормалар мен құқықтық кепілдіктерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар конституциялық реформалардың ел дамуына беретін мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды.
Кездесу барысында Батырбек Жалмұрзаев жаңа Конституция жобасында қарастырылған Құрылтай мен Халық кеңесі институттарының мәні мен маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құрылымдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылып, қоғамның тұрақты дамуына, азаматтық бірлікті нығайтуға және халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Кездесу барысында тұрғындар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
Ашық диалог форматында өткен жиында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, конституциялық реформалардың ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын қортындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа құжатты толық қолдайтындықтарын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар