Шымкент: Құрсайдағы ауыз су құрылысы қыркүйекте аяқталады

28 шiлде 2023, 16:29

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы мен ауыз су жүйесінің құрылысын аралады. Құрсай шағынауданында бүгінде ауыз су кестемен беріледі. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту құрылысы 2020-2021 жылдар аралығында екі кезеңдік жоба жасалған болатын. Осы жоба шеңберінде Құрасайға суаққы мен ішкі орамды жүйенің құрылысын жүргізу жоспарланған.

Екі нысанның жобалау-сметасы әзірленгеннен кейін құрылыстың алғашқы сатысы «Риголит» мердігер мекемесі тарапынан 2021 жылы басталған. Алғашқы кезеңнің жобасында су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда аталған жұмыстың 98 пайызы орындалған

Ал, екінші кезең бойынша 151 шақырым су жүйесі тартыруы тиіс. Бүгінде құрылыстың 97 пайызы ақтарылыпты. Аяқталуға таяған нысанда жұмыстар қарқында жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы қолданысқа беруді тапсырды. Мердігер мекеме нысанды қыркүйекке дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Нәтижесінде 4900 абонент, яғни 25 мың халық мемлекеттік жүйедегі сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Еске сала кетсек, Құрсай шағын ауданы Тұран ауданындағы ең өзекті шағын ауданның бірі. Мұнда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады. Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ.

Шымкент қаласының Бас жоспарында Құрсай шағын ауданы Тұран ауданының орталығы ретінде даму нүктесі боп белгіленген. 2035 жылға дейін шағынауданда көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандары және соған сай инфрақұрылым жүйелері тартылады.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады