jasqazaq.kz

Шымкент: Қылмыстың алдын алу маңызды

26 қараша 2025, 18:54

Шымкент қаласында қылмыстық жағдай күнделікті бақылауда болып, тергеу органдары алаяқтық, ұрлық, есірткі саудасы және жол-көлік оқиғаларына қарсы алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өткізген брифингте айтылды.

Өткен аптада Шымкент қаласында тергеу органдарының өндірісінде жалпы 169 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-сі сотқа жолданған. Ең көп тіркелген қылмыстар – алаяқтық (61 іс), ұрлық (41 іс), есірткі заттарын заңсыз айналымға байланысты (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты істер (10). Алаяқтықтың басым көпшілігі интернет алаяқтыққа қатысты болып, оның негізгі тәсілдері тауарлық жарнамалар арқылы сатып алу, инвестиция жасау арқылы ақшаны көбейту туралы жалған жарнамалар, банк қызметкері, байланыс операторлары немесе мемлекеттік қызметкерлер ретінде жалған қоңыраулар, несие рәсімдеу және электросеть немесе газ қызметінің қызметкері ретінде жалған таныстырудан тұрады. Мысалы, «К» есімді азаматқа «Казтрансгаз» мекемесінің қызметкері ретінде хабарласқан белгісіз тұлға 200 000 теңге қаражатын аудартып алған, бұл факт бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілер арқылы есірткі заттарын тарату фактілері де тіркеліп, жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуына жол берілмеуі үшін ескерту жүргізілуде. Мысалы, «Ж» есімді азамат банк картасын танысына уақытша берген, алайда белгісіз адам оны есірткі саудасына пайдаланып, адамдардан ақша аударған. Тұрғындарға банк карталарын ешкімге бермеу, белгісіз адамдардан ақша алмау, қажет болған жағдайда 102 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Қала аумағында жол-көлік оқиғалары күн сайын орын алып, жәбірленушілер саны артып отыр. Негізгі себептер – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ұялы телефонға алаңдауы, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі, кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды жол ережесін сақтамай басқаруы және алкогольді мас күйде көлік жүргізу. Сондықтан қала тұрғындарына жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау, ата-аналарға өз балаларын қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету ұсынылады. Сонымен қатар, көп қабатты үйлерде велосипед, бала арбалары және ұялы телефондардың ұрлануы жиі тіркелуде. Мысалы, 20 қарашада «Шымкент Плаза» ойын-сауық орталығында 5-сынып оқитын баланың ұялы телефоны ойын алаңында жымқырылған. Ата-аналарға балаларға қымбат телефондары мен құнды заттарды бермеу ескертіледі. Сондай-ақ тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермеудің маңызы айтылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)