jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғамдағы ынтымақтастық рухын нығайтатын шаралар

30 шiлде 2025, 14:55

Қоғамда ынтымақтастық рухын нығайтуда бірлесіп өткізілетін түрлі іс-шаралардың атқаратын рөлі зор. Мәселен, тамыз айында Шымкент қаласында маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл айда ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған мерейтойлық бағдарламалар мен ел тарихындағы елеулі оқиғаларды атап өтуге бағытталған шаралар өткізіледі.
10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар бастау алады. Абай саябағында орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, одан әрі қалалық көрме орталығында «Абай әлемі» атты республикалық байқаумен жалғасады. Сонымен қатар, Абай облысында өтетін жалпыұлттық деңгейдегі мерейтойлық іс-шараларға Шымкент қаласынан арнайы делегация қатысады. Жергілікті өнерпаздар Абай шығармашылығына арналған концерттік бағдарлама ұсынатын болады.
15 тамыз күні қазақ вальсінің королі атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Бақыт құшағында» атты республикалық ән фестивалі өтеді. Шара қаладағы Шәмші аллеясында ұйымдастырылып, еліміздің белгілі эстрада жұлдыздары мен өңірлік өнерпаздар қатысады деп күтілуде.
Тамыз айының басты тарихи оқиғасы — Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуы. Осы айтулы датаға орай қалада бірқатар іс-шаралар жоспарда бар. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары, жастар, білім беру мекемелері мен мәдениет ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Ал 29 тамыз күні сағат 16:00-де «Қызғалдақ» сарайында «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік салтанатты іс-шара өтеді. Оған қаламыздың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысады.
Шымшаһарда өткізілетін осындай мәдени іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды ұрпақ санасына сіңіру және мәдени мұраны насихаттауға бағытталып, ынтымақтастықтық рухын одан сайын нығайтуға үлес қосады.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді