jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғам қауіпсіздігі күндіз-түні бақылауда

29 қазан 2025, 17:25

Өткен аптада Шымкент қаласы бойынша тергеу органдарының өндірісінде барлығы 179 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-і сотқа жолданды. Тіркелген істердің басым бөлігі алаяқтық (59 іс), ұрлық (41 іс), есірткінің заңсыз айналымы (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты (10 іс) деректерден тұрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Шымкент қаласының ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек келтірген мағлұмат бойынша, алаяқтық деректері ішінде интернет-алаяқтық жағдайлары жиі тіркелуде (40 іс). Көп таралған тәсілдер қатарында интернет желілерінде тауарлық жарнамалар арқылы алдау (14), инвестиция арқылы пайда табуға иландыру (4), өзін банк, байланыс не мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып жалған қоңырау шалу (11), несие рәсімдеу арқылы (4) және коммуналдық қызмет өкілі ретінде алдау (6) әрекеттері бар.

Мәселен, өткен аптада «М» есімді азаматқа өзін курьер ретінде таныстырған белгісіз тұлға хабарласып, СМС-хабарламадағы құпия кодты сұрау арқылы жәбірленушінің 1 миллион теңгесін иемденіп кеткен. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Кез келген күмәнді қоңырауға сенбеу, бөтен адамдарға құпия кодтар мен банк деректерін бермеу — алаяқтардың тұзағына түспеудің басты жолы.

Сонымен қатар, интернет желісі арқылы есірткі саудасын жүргізу қоғам үшін өзекті мәселе болып отыр. Өткен аптада есірткі тасымалдаушы (закладчик) ретінде жұмыс істеген «Н» есімді азамат ұсталды. Ол жеткізген заттың заңсыз есірткі екенін білмегенін айтқан. Осыған байланысты құқық қорғау органдары жастарды заңсыз әрекеттерден алшақ болып, қоғамның дамуына оң үлес қосуға шақырады.

Қала аумағында жол-көлік оқиғалары да жиілеп отыр. Олардың басты себептері — жылдамдықты шамадан тыс арттыру, ұялы телефонға алаңдау, жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы және кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды қауіпсіздік талаптарын сақтамай басқаруы. Тек өткен аптада осындай 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 4-еуі — көліктердің соқтығысуы, 2-еуі — жаяу жүргіншілердің жолдан рұқсатсыз өтуі салдарынан болған.

JQ-Aqparat

Сурет: ranking.kz/d

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады