jasqazaq.kz

Шымкент: қиын жағдайға түскен жандарға қолдау көрсетіледі

21 шiлде, 16:04

Биылғы жылғы 21 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Қабылдау-тарату орнының №5-6-2-597 жолдамасына сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматшасы, 1971 жылы 4 тамызда дүниеге келген А.Д Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-не орналастырылды.

Азаматшамен жүргізілген сұхбат барысында 2008 жылы Астана қаласына жұмыс істеу мақсатында келгені, 2010-2011 жылдар аралығында ұрлық жасағаны үшін сот үкімімен Павлодар қаласындағы №18 түзеу мекемесінде жазасын өтегені анықталды. Жазасын өтегеннен кейін құжаттарын жоғалтып, жалдамалы жұмыс істеп жүрген.

Орталық мамандары мен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімінің бірлескен жұмысы нәтижесінде азаматшаға жатын орын, алғашқы әлеуметтік көмек көрсетіліп, азаматтығын анықтау және құжаттарын қалпына келтіру шаралары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 шілдедегі №5213-25-00-3/10713 қаулысына сәйкес А.Д-ға шекарадан өтуге арналған уақытша құжаттар рәсімделіп, өз еліне қайтарылды.

«Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ кәмелет жасқа толған, тұрғылықты жері жоқ, құжаттары жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда орталықта 144 азамат қызмет алуда, оның ішінде: 109 ер азамат, 35-і әйел.

Қызмет алушылардың ішінде 57 азамат – ескі КСРО паспортымен құжаттанып, оны жоғалтқандар, 24 азамат – зейнет жасындағы тұлғалар, 26 азамат – түрлі топтағы мүгедектігі бар адам, 8 азамат – пробацияда немесе түрмеден босатылғандар, 29 азамат – белгілі тұрғылықты жері жоқтар.

Жыл басынан бері орталық мамандары Өзбекстан Республикасының екі азаматына елге қайтуына көмектессе, 14 азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 3 азаматтың азаматтығы анықталып, КСРО үлгісіндегі паспорттары Қазақстан Республикасының жеке куәліктеріне ауыстырылды.

Орталық тарапынан 3 азаматқа зейнетақы рәсімдеуге, 4 азаматқа №10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына орналасуға көмек көрсетілді.

Бұл шаралар қиын жағдайға түскен азаматтардың қоғамға бейімделуіне және заңды құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды