jasqazaq.kz

Шымкент: Қажымұқан атындағы стадион жаңартылды

01 қазан 2025, 15:23

Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадион өткен ғасырда, 1969 жылы салынып біткен. 25 мың адамға арналған стадионда биыл жаңғырту жұмыстары қолға алынған болатын.

Мәселен, биылғы жылдың басында «Ордабасы» футбол клубының демеушілігімен стадиондағы табиғи газон толықтай ауыстырылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл жұмыстарды тәжірибелі компания жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны – 78 млн теңге, оның ішінде газонды ауыстыруға – 54 млн теңге, ал суару жүйесіне – 24 млн теңге жұмсалды. Бұған қоса, жүгіру жолақтары халықаралық стандарттарға сай қайта жабдықталып, көк түсті сапалы тартан жабыны төселді. 8 жолақ қарастырылған жаңа алаңды жабдықтау 380 млн теңгеге түсіп, ол да демеушілердің қолдауымен іске асырылды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі – әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек стадиондағы жаңғырту жұмыстарына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары бірнеше бағытты қамтыды. Стадион аумағы толық абаттандырылып, бұрын-соңды ауыстырылмаған газон жаңарды, халықаралық сертификатталған жабыны бар жүгіру жолдары төселді. Сонымен бірге негізгі командаға арналған жаттығу және қалпына келтіру блогы ашылды, бапкерлер мен қосалқы ойыншыларға ыңғайлы орындықтар орнатылды. Көрермендерге арналған орындықтар мен ВИП-кабиналар жаңартылып, жаңа мультимедиялық табло, заманауи LED-экрандар және борттық мониторлар іске қосылды.
Жалпы жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 149 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтар демеушілер есебінен қамтамасыз етілді.

Жаңартылған «Орталық» стадион футбол жанкүйерлеріне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге толық мүмкіндік бермек. Бұл жобалық өзгерістер – Шымкенттегі спортқа қамқорлықтың, жанкүйерлерге құрметтің және болашаққа сенімнің айқын көрінісі.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады