jasqazaq.kz

Шымкент: Қазан айындағы мерекелі шаралар және жүк көлігін бақылау

01 қазан 2025, 14:59

Қазан айы Халықаралық қарттар күні аясында ардагерлерге құрмет көрсетумен басталды. Шымшаһарда қарттар үйлерінде концерттер өткізіліп, басты салтанатты жиын «Royal Rose» мейрамханасында өтті. Мұнда түрлі салада еңбек еткен 200-ден астам ардагерге сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табысталды.
5 қазан – Ұстаздар күніне орай 3 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты іс-шара өтеді. Жергілікті өнерпаздар мен жастар ұстаздарға арнаған өнерін паш етіп, үздік педагогтарға марапаттар тапсырылады. Осы және өзге де мерекелік шаралар туралы бүгінгі брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек айтты.
19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңындағы мереке де «Қызғалдақ» сарайында атап өтіледі. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын концерттік бағдарламаға жергілікті өнерпаздар қатысады. Биыл құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесін ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығымен бірге атап өтуде. Осыған орай республика көлемінде «30 жылдыққа – 30 игі іс» акциясы өтіп жатыр. Шымкенттік құтқарушылар да ардагерлерге, балаларға, табиғат пен жануарларды қорғауға арналған түрлі қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруда.
25 қазан – Республика күні қарсаңында екі күндік ауқымды шаралар жоспарланған. 24 қазанда «Қызғалдақ» сарайында салтанатты жиын өтіп, еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік және жергілікті марапаттар, сондай-ақ «Құрметті азамат» атағы табысталады. Ал 25 қазанда Астана алаңында сағат 20:00-де ашық аспан астында үлкен гала-концерт ұйымдастырылып, еліміздің танымал әншілері мен жергілікті өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Сондай-ақ жиында ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілетіні сөз болды.
Қаладағы жолдарды сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 2024–2025 жылдарға 1,021 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер компания ретінде «QSM Engineering» ЖШС анықталды.
Биыл бөлінген 308,6 млн теңге есебінен алғашқы үш станцияның құрылысы аяқталып, қазан айынан бастап толық іске қосылады. Олар Шымкент–Сайрам бағытындағы Жібек жолы көшесінде, Бердібек қожа көшесінде және Әмір Темір көшесінде орналасқан.
2026 жылға қарай қалада тағы алты станция салу жоспарланып отыр. Олар Әл-Фараби көшесінде (Ынтымақ және Исфиджаб аумағында), Темірлан тасжолында (Әуежай маңы), Бәйдібек би даңғылында (Бозарықта), А-2 айналма жолында (Ипподром маңы) және Шымкент–Ташкент тас жолында орналаспақ. Жоба құны – 712,6 млн теңге.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс салмағы жолдардың тез тозуына әкелетінін ескерсек, бұл бастама жолдардың ұзақ мерзімге шыдамдылығын қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)