Шымкент: Қаратау ауданында 3 жайлы мектептің құрылысы жүруде

28 тамыз 2023, 11:07

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында орналасқан Нұртас, Таскен, Тұран-2 елді мекендерінде жайлы мектеп құрылысы жұмыстары жүріп жатыр. Аталған білім орындары 2024 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов баяндады.

–Ауданы аумағында 48 мектеп, 69 балабақша орналасқан. Жаңа шағынаудандарда салынып жатқан мектептердің құрылысы қарқынды жүруде. Жайлы мектептер келер жылы пайдалануға берілетін болады. Ал, жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша 447 көп қабатты тұрғын үйлерге аудан әкімі аппараты тарапынан «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізуге іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеме атқаруда. Қызмет көрсетуші мекемелер 12 арнайы бригадамен сығымдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйден 235 үйге сығымдау жұмыстары атқарылған. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес, қыркүйек айының 15-не дейін өтетін болады, –деді аудан әкімі.

Ал аумақтағы санитарлық тазалық жұмыстарын «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5 000 түп ағаш көшеті отырғызылған. 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99 пайызды құраған. Аудан әкімі бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, Қаратау ауданында 5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмектің оң қорытындысын алған. Аудан әкімі аппараты тарапынаны 1070 отбасыға азық-түлік және т.б. көмек көрсетіліпті.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз