jasqazaq.kz

Шымкент: Қаратау ауданы инфрақұрылым жүйесімен толық қамтылуға жақын

30 қыркүйек, 18:21

Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектарды құрайды, халық саны – 300 мыңға жуық. Мұнда 19 елді мекен бар, 29 мыңнан астам жеке үй және 626 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.

Ауданның басты басымдықтарының бірі – инфрақұрылымды жетілдіру. Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Алмас Абаев ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Алмас Абанвтың мәліметінше, бүгінде ауыз сумен қамту 99%-ға жетіп, жыл соңына дейін толық 100%-ға жеткізу көзделіп отыр. Электр жарығымен қамту да 99%-ды құрап, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газ бойынша көрсеткіш 98%, бұл бағыттағы жобалар аяқталса, аудан тұрғындары толық қамтылады.

Кәріз жүйесіне қосу жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде. Өткен жылы 5 елді мекенде құрылыс аяқталса, биыл «Тұран» және «Мирас» шағынаудандарындағы жобалар аяқталуы жоспарланған. Жылыту маусымына дайындық та дер кезінде атқарылып, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың 97%-ы опрессовкадан өтті.

Аудан аумағында жалпы ұзындығы 753 шақырым болатын 896 көше бар. 2025 жылы соның 107 көшесі (82,7 шақырым) асфальтталып, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар, Алматы айналма жолы мен Ю.Сареми көшесіне күрделі жөндеу жүргізілуде.

Жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыру үшін 31,5 шақырымдық аяқжол салу көзделген, оның 13,5 шақырымы пайдалануға берілді. Су басу қаупін азайту мақсатында 16 орынға ирригациялық жүйе салынуда, бүгінде 13 нысанда құрылыс аяқталды.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды. 896 көшенің 545-і жарықтандырылса, биыл қосымша 351 көшеге шамдар орнату жоспарланған. Оның ішінде 265 көше толық жарықтандырылды, қалғаны жыл соңына дейін аяқталады.
Қаратау ауданында абаттандыру жұмыстары кең көлемде атқарылуда. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» аясында 49 жоба қолға алынып, 31-і толық аяқталды.

Балаларға арналған инфрақұрылым да дамуда: аудан аумағында 239 балалар ойын алаңы мен 109 спорт алаңы бар. 2025 жылы 27 жаңа балалар алаңшасын орнату жоспарланып, 19-ы пайдалануға берілді. Қалғандары жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, 3 жаңа спорт алаңы салынды және 4 алаң жөнделді.

Жыл бойы 12 жаңа гүлзар салынып, олардың ішінде «Тұран», «Сайрам», «Нұртас», «Шапырашты» және басқа елді мекендерде абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қосымша демеушілер есебінен тағы бірнеше гүлзар пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудан бойынша 7 көпқабатты үйге муралдар салынды, Сайрам және Қызылсу тұрғын алаптарында 20 метрлік ту орнату жұмыстары жүргізілуде.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке