jasqazaq.kz

Шымкент қаласының құрылыс жобаларында инклюзия мәселесі қатаң түрде ескеріледі

29 шiлде 2025, 15:12

Біздің елімізде қоғамдық орындарда, білім және медицина мекемелерінде мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасалуы тиіс. Осында инклюзивтік саясаттың арқасында соңғы жылдары құрылыс саласында белгілі бір стандарттар енгізілді.  Үшінші мегаполисте де бұл бағытта біраз жұмыс қолға алынған.  Jas Qazaq тілшісіне берген сұхбатында Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдын Секенұлы шаһардағы инклюзивтік құрылыс стандартының орындалуы туралы айтып берді.

– Қала құрылысы саласында инклюзивті жобаларды ілгерілету үшін басқарма тарапынан қандай бастамалар бар?
– Құрылыс басқармасы барлық жобаларда инклюзивтілік стандарттарын сақтауға баса мән береді. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытатын әрбір жоба бастамасы инклюзивті қағидаларға сәйкес болуы міндетті. Бұл – басқарма жұмысының ажырамас бөлігі.

– Көру немесе есту қабілеті шектеулі жандарға арналған ақпараттық жүйелер мен қауіпсіздік белгілері қалай ескерілуде?
– Жобаланатын және салынып жатқан нысандарда Брайль шрифтісімен жазылған белгілер, тактильді жолдар, дыбыстық жүйелер мен ақпараттық бағыттау элементтері қарастырылады. Бұл құралдар қауіпсіз орта қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады.

– Қаланың шеткі аудандарындағы инфрақұрылымдық жобаларда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігі қалай қамтамасыз етіледі?
– Нысан қай жерде орналасса да, талап барлығына бірдей. Қаланың ортасы болсын, шеткі аудандар болсын, құрылыс нормативтері қатаң сақталады. Бұл тұрғыда ешқандай айырмашылық жоқ.

– Құрылыс басқармасы инклюзивті орта құруда басқа басқармалармен немесе ҮЕҰ-мен бірлесе жұмыс істей ме?
– Иә, біз «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен» тығыз байланыстамыз. Сонымен қатар, осы басқарма жанындағы комиссиялармен бірлесе отырып, жобаларды сараптап, ұсыныстар енгіземіз. Бұл – тиімді әрі үйлесімді жұмыс жүйесі.

– Жақын арада іске асырылатын қандай жобаларда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы орта құруға ерекше назар аударылып отыр?
– Қазіргі таңда Тұран шағын ауданында паралимпиялық және сурдлимпиялық спорт түрлеріне арналған спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл кешен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жабдықтармен, инфрақұрылыммен толық қамтылады. Сонымен қатар, барлық жаңадан басталатын әлеуметтік нысандарда инклюзивтілік басты талап ретінде қарастырылады.

Олжас Әбдіхалық

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді