Шымкент қаласының әкімі қысқы маусымға арналған техникалардың дайындығын тексерді

17 тамыз 2023, 21:56

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Алдымен Қаратау ауданы аумағының тазалығына жауапты «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасына барған Мұрат Дүйсенбекұлы қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына арналған техникаларды арнайы шолып өтті.

Нақты айтсақ, қысқы маусымға қазір әр ауданнан 80-ге жуық техника әзір тұр. Сонымен қатар қала аумағындағы 5 аудан бойынша қар күреудің ситуациялық сызбасы әзірленген. Нысан басында қала әкімі тиісті басқарма мен мердігер мекемелердің басшыларына көктайғақтың алдын алатын шараларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Әрі қарай техникалық базаны қосымша техникалармен күшейту, шұғыл қар күрейтін, құм шашатын көліктердің қызметі талапқа сай болу қажеттігін қатаң ескертіп өтті. Нысан басында қала әкімі тиісті басқарма мен мердігер мекемелердің басшыларына көктайғақтың алдын алатын шараларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Әрі қарай техникалық базаны қосымша техникалармен күшейту, шұғыл қар күрейтін, құм шашатын көліктердің қызметі талапқа сай болу қажеттігін қатаң ескертіп өтті.

Мұнан соң қала әкімі Абай ауданындағы «КазСтройКапитал» ЖШС-інің базасымен де танысты. Әр ауданға қойылатын талап ортақ. Ең бірінші қысқы техникалардың ауа-райының кез келген төтенше жағдайларына сақадай сай тұруы. Сондықтан дайындық жұмыстары әрі қарай да жалғасатын болады.

Сондай-ақ, қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтау барысында Әл-Фараби, Тұран ауданы және Еңбекші ауданы аумағындағы жауапты мекемелердің базасын аралап, олардың техникалық қызметіндегі сапасын қадағалады. Әл-Фараби ауданына қарасты «Таза өлке» ЖШС-інің базасында қазір 66 қар күреу техникалары іске жарап тұр. Аталған аудан бойынша қар тазалау жұмыстары 5 бағытқа бөлінген.Ал Тұран ауданы бойынша тазалау жұмыстары 4 бағытта атқарылады. Сонымен қатар мұнда 68 арнайы техника дайындалған, жауапты мердігер мекеме «ШымкентСпецКомплек» ЖШС-і мамандары болса, Еңбекші ауданына жауапты «Группа Интекс» ЖШС-і. Сонымен қысқы маусымдағы тазалау жұмыстары бойынша қалада 450-ге жуық көлік техникасы жұмылдырылады. Айта кетейік, қысқы кезеңге дайындық жұмыстары бойынша бес ауданда ситуациялық сызба әзірленген.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз