jasqazaq.kz

Шымкент қаласындағы ППТК ерекше балаларға дер кезінде көмек көрсетеді

25 тамыз, 14:47

Шымкент қаласында жұмыс істейтін Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) ерекше балалардың білім алып, қатардан қалмай өмір сүруіне көмектеседі. Jas Qazaq тілшісіне Шымкент қаласы ППТК директорының міндетін уақытша атқарушы Әйгерім Алтековамен осы жайында айтып берді.

– ППТК мен жалпы білім беретін мектептердің ынтымақтастығы қалай жолға қойылған?
– Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК) мен жалпы білім беретін мектептердің ынтымақтастығы жүйелі түрде жолға қойылған. Ең алдымен, ППТК мамандары мектеп педагогтарымен бірлесіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуына әдістемелік қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, мектеп психологтары мен логопед, дефектолог мамандары ППТК-мен тығыз байланыста жұмыс істеп, баланың оқу жетістіктерін, мінез-құлық ерекшеліктерін және әлеуметтену деңгейін бірлесе бақылайды. Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – мұғалімдерге менторлық арналған семинарлар мен әдістемелік кеңестер ұйымдастырады. Бұл шаралар инклюзивті білім беру сапасын арттыруға және педагогтардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға ықпал етеді. Жалпы, ППТК мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алу процесіне барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердің ынтымақтастық ППТК арқылы түзету жұмыстары жүргізілген соң, балаларды жалпы білім беру жүйесіне интеграциялау ретінде жүзеге асырылады.
– Алдағы уақытта ППТК қызметін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету немесе жаңа әдістемелер енгізу жоспарда бар ма?
– Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы сәйкес жабдықталған. Алдағы уақытта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Атап айтқанда, ерте жастағы балаларды кешенді қолдау кабинеттерін ашу көзделуде. Бұл балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте анықтауға, қажетті түзету шараларын уақытылы бастауға және кейінгі оқу процесіне бейімделуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
– Ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсету бойынша қала көлемінде қандай ауқымды жобаларды іске асыру ойда бар?
– Биыл қыркүйек айында Шымкент қаласында жаңа психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу жоспарланған. Сонымен қатар ерте жастағы балаларды қолдау кабинеттерін дамыту жұмысы жалғасады. Бұл ерекше балаларға дер кезінде көмек көрсетуге жағдай жасайды.
— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда