Шымкент қаласында мал тоғыту жұмыстары жалғасуда

31 шiлде 2023, 9:48

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы, Жиделі елді мекенінде көктемгі уақ малды арнайы тоғыту жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылуда. Биыл 88 030 бас түседі деп жоспарланған.

Бүгінде аймақ халықының негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері облыстың негізгі азық-түлік қорына еніп үлгерген. Ал көкөніс пен бақша өнімдері қашанда жоғары сұранысқа ие.

–Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін және бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Биылғы жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылды, — дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» демекші, аймақта мал басының өскені байқалады. Қазір жалпы қала бойынша 90 мыңға жуық қой-ешкі бар екен. Оның 88 мыңы басын тоғыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 46 мың бас тоғытуға түсіп түрлі зиянкестерден залалсыздандырылыпты. Мамандардың айтуынша тоғыту жылына екі рет арнайы дизинфекциялық ертіндіде жасалады. Бір атап өтерлігі қойларды тоғыту кененің барлық түрінен, паразиттерден, биттерден және тағы басқа тазарту үшін өткізу маңызды.

Сонымен қатар, қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, жануарларды, үй-жайлар және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Қазіргі таңда саябақтардың 589 150 шақырымы, гүлзар мен аллеялардың 142 670 шақырымы, 430 000 шақырым өзен-каналдың аумақтары масаға қарсы залалсыздандырылды.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады