jasqazaq.kz

Шымкент қаласында инклюзивті білім беру қалай дамып жатыр?

30 шiлде 2025, 12:23

 

Соңғы жылдары бүкіл ел аумағында инклюзивті білім беру – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Әсіресе, мүгедектігі бар және ерекше қажеттілігі бар балалардың басқалармен тең дәрежеде білім алуына барынша жағдай жасалуы тиіс.

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында инклюзивті білім беру өз деңгейінде ме? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Jas Qazaq Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнара Дарыбаеваға бірнеше сауал жолдады.  

– Ата-аналармен қандай жұмыс жүргізіледі?
– Ата-аналармен жұмыс Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі аясында жүргізіледі. Құрамына мектеп басшылығы, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагогтер, ассистент-педагогтер кіреді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Баланың даму ерекшеліктерін анықтау;
2. Педагогтер мен ата-аналарға әдістемелік кеңес беру;
3. Баланың білім алуына және әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау.

– Болашақта инклюзивті білімді дамыту үшін қандай жобалар жоспарланып отыр?
– Алдағы жылдары инклюзивті білім беру саласында бірнеше ауқымды жобалар жалғасатын болады:
* «Тең мүмкіндіктер әлемі» және «Жұлдызай» фестивальдары;
* «Шексіз шығармашылық», «Жаңа жылдық шырша», «Біздің таланттар» жобалары;
* «Арнайы білім берудің жаңашыл педагогі», «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» байқаулары.
Сонымен қатар, ерекше балаларға арналған логопедтік, сенсорлық, психологиялық бағыттағы жаңа кабинеттер ашу көзделуде.

– Инклюзивті ортада оқушыларға қандай қолдау көрсетіледі?
– Ең бастысы – физикалық қолжетімділік. Осы бағытта “Қазақстан халқына” қорының қолдауымен «Табалдырықтан табалдырыққа дейін» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында Шымкент қаласындағы 25 мектепке 50 шынжыр табанды көтергіш орнатылды (әр мектепке 2 бірліктен). Сонымен қатар:
* Пандустар орнатылды;
* Арнайы белгілер қойылды;
* Санитарлық тораптар бейімделді;* Кең есік ойықтары орнатылды.
Жалпы айтқанда, Шымкент қаласында инклюзивті білім беру жүйелі түрде дамып келеді. Бұл – тек білім беру саласының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ерекше балаларға тең мүмкіндік беру арқылы біз оларды қоғамға толық араластыра аламыз. Осы орайда ата-аналардың, педагогтердің және мемлекеттік құрылымдардың бірлесе жұмыс істеуі – басты шарт.
Басқарма тарапынан барлық қажетті инфрақұрылым, кадрлық, әдістемелік қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай да жалғасады.

Олжас Әбдіхалық

 

 

 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді