Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны артуда

29 тамыз 2023, 12:01

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатары артып келеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, осы жылдың бірінші жарты жылдығында қалада шағын және орта кәсіпкерлер субъектілері 128,6 мыңға жеткен.

Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4 пайызға жоғарылап отыр. Ал шаруа қожалықтар саны 3400.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елдегі шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар ауыл шаруашылығын көтеруге басымдық берілген. Мәселен, осы жылдың есептік кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8 пайызға өскен. Ал өндірілген өнім көлемі бойынша осы жылы 517,8 миллиард теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3 пайыз болды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында осы жылы 19,9 миллиард теңге қаржы бөлінген, оның 15,8 миллиард теңгесі республикалық, 4,1 миллиарды жергілікті бюджеттен, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, Шымкент қаласында 3400 шаруа қожалық жұмыс істесе, оның 86-ы ауыл шаруашылығы кооперативі. Ауыл шаруашылығы кәсібімен айналысуға ниеттенген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан «Іскер қала» бағдарламасымен жеңілдетілген 1-2 пайыз несиелендіру және инвестиция, қайта өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы бағыттарында субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдаулар да қаралған.

– Жеке қосалқы шаруалар кооперативтерге біріккен жағдайда 1-2 пайызбен «Іскер қала» бағдарламасымен несие ала алады. Ал,ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан кооперативтер қандайда бір жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған жағдайда кеткен шығынның 25-30 пайызын субсидиялайды. Қайта өңдеуші кәсіпорындар сүтті қайта өңдеп, сары май өндірсе жұмсалған шикізаттың литріне 18 теңге, қатты ірімшікке жұмсауға кеткен шикізаттың литріне 28 теңге қаржы береді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін банктен алған несиелердің 10-11 пайыз аралығындағы сыйақысын да субсидиялайды. Егін шаруашылығында пестицидтер құнының бір литрі (килограмы) – 50 пайызына дейін, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамы (данасына) – 40 пайызына дейін мемлекет тарапынан өтеледі, – деді қала әкімі.

Осылайша қалада шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар ауыл шаруашылығы салаларына басымдық беріліп, даму үстінде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды