Шымкент қаласында агроөнеркәсіп саласына басымдық берілуде

29 тамыз 2023, 15:36

Қала халқының негізгі табысы өндіріс ошақтарымен қатар ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Қала аумағына кіретін тұрғын алқаптардың әлі де басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысуда. Осы орайда мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан.
Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері шақардағы негізгі азық-түлік қорына еніп үлгерген. Ал көкөніс пен бақша өнімдері қашанда жоғары сұранысқа ие. Өңір экономикасы аграрлық салаға құрылған, яғни мал және егін шаруашылығы. Шымкент қаласы Абай ауданы, Нұршуақ елді мекенінде «Бақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы инвестиция құны 100 миллион теңгені құрайтын 51 гектар алқапты «Valley» жаңбырлату құралымен ылғалдандырып, мал азығын дайындауда.

Серіктестік директоры Ғабит Ермектайұлы алдағы уақытта жаңбырлатып ылғалдандырылатын алқап көлемін 100 гектар алқапқа жеткізуді көздеп отыр. Ал осы жаңа технологияның арқасында серіктестік жоңышқа алқабының өнімділігін екі есеге ұлғайтып, 1100 тонна мал азығын жинаған болатын. Биыл да сол көлемде мал азығын дайындауды жоспарлап отыр. «Бақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде Нұршуақ елді мекенінің тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отырған ірі агроқұрылым. Осы шаруашылықтың жұмысымен танысып, сол аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі таңда нұршуақтықтардың тұрақты жұмысқа орналасуы арқасында бір жылда атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны едәуір қысқарғанын айтып қалды. Жалпы осы Абай ауданында соңғы бір жылда атаулы әлеуметтік көмек алатындар 51 мыңнан 16 мың адамға қысқарыпты. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауларынан туындаған тапсырмалар мен түрлі жобалар және бағдарламалардың аясында атқарылып жатқан халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесі.

– Мемлекет басшысы Жолдауында халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аудару жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, Шымкент қаласында өткен жылы 65799 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты. Соның ішінде 7 мыңға жуығы уақытша жұмыс орындарына жолданса, 18 азамат кәсіптік қайта даярлау курстарында оқып шықты. Сондай-ақ, 40 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Осының нәтижесінде 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 51 мыңнан асса, 1 жылдың ішінде 16 мың адамға дейін қысқарған, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды