jasqazaq.kz

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

30 тамыз, 12:31

Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі.  Бұл бастама техникалық және кәсіби білім беруді дамытуға, жалпы жұмысшы мамандығының дәрежесін көтеруді көздейді. «Жұмысшылар жылы» аясында еңбек адамына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және еңбек ұжымдарының рөлін арттыру мақсатында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары «KazFerroGroup» ЖШС кәсіпорнында іссапармен болды.
Іс-шара барысында делегация мүшелері өндірістік үдерістермен, жаңа цехтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын тарапынан еңбеккерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары туралы толыққанды мәлімет алды. Кәсіпорын басшылығы қонақтарға компанияның құрылу тарихы, даму кезеңдері мен соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалар туралы баяндап, жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған бастамаларға кеңінен тоқталды.
Атап айтқанда, жұмысшылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, медициналық қызмет сапасын жақсарту, сондай-ақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру сынды бастамалар еңбек ұжымының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл шаралар еңбек өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, кадр тұрақтылығын сақтауға оң әсерін тигізуде.
ҚХА мүшелері өндірістік аймақты аралап, жаңа технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысымен танысып, жұмысшылармен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу соңында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан өндірісте үздік нәтиже көрсеткен бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Бұл шара жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға және этносаралық татулықты нығайтуға өз үлесін қосатын маңызды бастама болып табылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік