Шымкент: Қайтарымсыз грант шеберге шабыт берді

28 мамыр, 12:50

Шырайлы қала – Шымкентте кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Кәсібін ашқысы келетіндер түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, грант алуына болады. Қалада сондай қолдаудың көмегімен өз кәсібін дөңгелетіп отырған нәзік жандар да көп.

Мәселен, дизайнер, он саусағынан өнер тамған шебер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін саласының қыр-сырын үйретіп, тұрмыста қолданатын көрпе, перде, ұлттық киімдерді тігудің жолымен бөлісіп отыр.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім еткендей, Жаннұр Лесбекова 2023 жылы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз грант қаржысы арқылы өндірістік әлеуетін арттырып, үлкен оқу орталығына айналдырды.
Жаннұр Өскенбайқызы 2000 жылдан бастап 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде ұстаздық еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда көптеген келіншек Ж.Лесбековаға тігін тігуді үйретуін өтініп, сол арқылы бизнес-жобасын қорғауға ниетті екенін айтқан. Қыз-келіншектердің ұсынысын қабыл алып, декреттік демалыс кезінде оларға тігіннің әліппесінен бастап, кәсіби маман болуына дейін бар білгенімен бөліскен екен.
Шебердің сөзіне құлақ түрейік.

«Сол кездегі шәкірттерім осы тігін саласы бойынша грантқа өтінім беріп, комиссия алдында жобасын қорғап, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Нәтижесінде, шәкірттерім өз алдына кәсібін ашып, бүгінде шебер тігінші атанып отыр. Уақыт өте келе тігіншілік курсын оқуға ниеттенген қыз-келіншектердің саны артты. Сабақ өтетін орным да аядай, қажетті тігін құрылғылары жеткіліксіз. Менде шәкірттерім секілді 2023 жылы бизнес-жобамды жазып, «көп балалы ана» санатымен қайтарымсыз грантқа өтінім бердім. Өз ісімнің маманы болғасын комиссия алдында ұсынған жобамды қорғап шығу қиынға соқпады. Комиссия бизнес-жобамды мақұлдап, қайтарымсыз қаржыға ие болдым. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғылар, манекендер, тігінге қажетті материалдар сатып алып, үлкен оқу орталығына айналдық», — дейді Ж.Лесбекова.

Осылайша кейіпкеріміздің шағын оқу орталығы өндірістік деңгейге жеткен соң былтырғы жылдың қыркүйегінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен келісімшартқа қол қойып, «Дизайн» факультетінің студенттеріне өндірістік пәндер бойынша сабақ беретін болып келіскен. Қазір «Жан-Нұр» оқу орталығында қаламыздағы қыз-келіншектермен бірге студенттерге де сабақ беріп, тігін түрлерін, киім тігу барысында конструкциялау, модельдеу, киім дизаині секілді бағыттарды үйретіп жатыр. Одан өзге, құрақ құрау, кесте тігу секілді ұлтымыздың қолөнерінен де сабақ береді.

Әлима Әлмерек,

Суреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде