Шымкент: Қайнарбұлақтың тұрғындары биыл таза ауызсуға қол жеткізеді

31 шiлде 2023, 9:36

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды тексерді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайында ресми тұрғыдан 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған қос елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылып жатыр.

Тұрғын алабттың жаңақұрылыс аумағындағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Мердігер мекеме тарапынан бүгінгі күнге дейін 310 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 80%-ы орындалған. Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Қала әкімі тиісті мамандарға мердігер мекемелерге жұмысты сапалы, әрі жылдам орындауды тапсырды.

Шымкентте бесінші ауданның құрылуына байланысты қаладағы шалғай елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жаңа леппен қарқын алды. Мәселен, бұрын Қаратау ауданына қарайтын Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы 2023 жылдың қаңтарынан бастап Абай ауданының құрамына енді. Қазіргі таңда Қайнарбұлақтың жолдарын жақсартып, көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Ал Қайнарбұлақ саяжайының өзінде ресми дерек бойынша 32 мың халық қоныстанған. Саяжай негізінен жеке сектор болғандықтан 225 көшеде 7 144 үй орналасқан. Онда қазір 2 мектеп, 2 балабақша және 1 амбулаторлық емхана тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Саяжайлықтар ауыз су және электр қуатымен толық қамтылған. Тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша өткен жылы жобалық-сметалық жұмыс жүргізіліп, жыл басынан бері газ құбырларын тарту жұмыстары басталып кетті. Аталған жобаға жергілікті бюджеттен 5,6 млрд. теңге қаржы қаралып, құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылға жоспарланған.
Қайнарбұлақтықтардың негізгі көтеріп жүрген мәселесі – сапалы жол болатын. Мұнда қазір 33 жол асфальтталған, 186 көшеге тас төселген, 7 топырақ жол бар. Өткен жылы саяжайдағы 6,9 шақырымдық 17 ішкі орамдық жол асфальтталса, биыл 7 көше, 2024 жылға 28 көше және 2025 жылы 27 көшеге асфальт төселіп, нәтижесінде елді мекендегі сапалы жолдар көрсеткіші 44,8 пайызға жетпек.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады