Шымкент: Каналдарды күрделі жөндеуіне 5 жылдық жоспар бекітілген

31 шiлде 2023, 9:56

Қала сыртындағы шаруаларға су жеткілікті болуы үшін су ағатын каналдарды жөндеу, жаңарту бойынша құрылыс қарқынды жүруде. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмыстары төрт кезеңге бөлініп атқарылмақ. Бұл туралы қалалық жайлы орта қалыптастыру басқармасы мәлімдеді.

«Биылдан бастап каналдардың құрылысын қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Өздеріңізге белгілі, Шымкентте 300 шақырымнан астам 34 канал бар. Оның құрылысын бір жылда аяқтау мүмкін емес. Сондықтан біз 5 жылдық жоспар бекітіп отырмыз. 2023-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен каналдар бетондалып, құрылысы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда екі канал пайдалануға беріліп, су беру көлемі 2,5 текше метрге ұлғайған. Жыл соңына дейін 34 каналдың 6-ның құрылысы бітсе, 7-еуі күрделі жөндеуден өтеді. Жалпы каналдардың бетондалуының нәтижесінде бұрынғыдай судың сіңіп кетуінен, төмен ағыспен келуінен арылып отырмыз. Ал қала ішіндегі микроклиматты жақсарту жұмысы төрт кезеңге бөлініп атқарылатын болады. Қалаға келетін БМК және Жаңа шек каналдарының бетондалған беті арқылы бірінші кезеңде Тәуке хан және Қазыбек би көшелерінің бойымен су жүргізіп көрмекпіз. Бұл жоспар жүзеге асатын болса, қаланың микробелдеуі 60-55 пайызға артады», делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ басқарма басшысы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, қаладағы көпжылдық ағаштарды күтіп ұстау, көгалдандыру мәселелері жайында да жоспарларымен бөлісті. Биыл қыстың қатты болуына байланысты қаладағы біршама ағаштарға зиян келген. Атап айтсақ этносаябақтағы 5000-нан аса эльдар қарағайының 700-ін кесуге тура келген. Қалғандарын емдеу арқылы қалпына келтірмек. Ағаштардың қурауына климаттық өзгеріс себеп болған.

Айта кетейік, жуырда Шапырашты каналының бір бөлігі пайдалануға берілді. Елді мекендегі каналдың ауқымды бөлігінің құрылысы аяқталып, су келе бастады. Өткен жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеудің нәтижесінде су арнасы терең қазылып, айналасы бетондалған. Ел игілігіне берілген канал 500 гектар суармалы жерді суаруға қауқарлы. Шіліңгір шілдеде диқандар судан тапшылық көрмеуі үшін арнаның белгілі бір бөлігі ғана іске қосылып отыр.

Бұрынғы су арнасының өткізгіштік қабілеті шаруалардың егіс алқабына жетпейтін. Жаңадан қазылып, бетондалған каналдың ұзындығы 6,8 шақырым, тереңдігі 1,5 метр, ені 3 метрді құрайды. Өткізгіш қабілеті де ұлғайып, 1,5-2 текше метрге жетті. Қазіргі бөлігі, яғни 5,3 шақырым аумағы 500 гектар жерді суарса, қалған 1,5 шақырымы пайдалануға берілгенде су жеткізу қуаты 800 гектарға жетеді. Құрылыстың жобалық құны үшін 452,7 млн теңге бөлініп, оның 220 млн теңгесі 2022 жылы игерілді. Қалған бөлігі биылғы жұмыстарға арналған. Қазір каналдың соңғы аумағында құрылыс жалғасып жатыр.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады