jasqazaq.kz

Шымкент: Интернетпен қамту деңгейі артып келеді

29 қазан, 17:20

 

Шымкент қаласында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. 2021 жылдан бастап жеке инвесторлардың қатысуымен қаладан шалғай орналасқан 60-қа жуық елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылып, нәтижесінде 500 мыңға жуық тұрғын жоғары жылдамдықты интернетті пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Биыл осы бастама жалғасын тауып, қосымша 23 елді мекенге талшықты-оптикалық интернет желісін тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандум жасалды. Бүгінгі таңда оның ішінде 13 елді мекеннің (Жайлау, Көксай, Азат, Химфарм, Ынтымақ-2, Қатын көпір, Орманшы, Қорғасын, Сайрам, Айнатас, Құлагер, Жасдәурен, Ақтас-2, Мәртөбе) тұрғындары интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Қалған 10 елді мекеннің 8-інде (Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Қаратөбе, Нұршуақ, Жиделі, Тұрлан) кең жолақты интернет желісін қосу қараша айында жүзеге асырылмақ. Ал Исфиджап пен Қайнарбұлақ елді мекендерін желіге қосу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Аталған шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласының барлық тұрғындары үшін заманауи, жылдам әрі тұрақты интернет қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі кеңейіп, мегаполистің цифрлық даму деңгейі жаңа сапалық кезеңге көтеріледі.

Жалпы Шымкент қаласында мобильді интернет пен байланыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында бүгінде мобильді байланыс операторларының 1740 базалық станциясы қызмет көрсетіп отыр. Оның ішінде «Кселл» АҚ – 784, «Кар-Тел» ЖШС – 506 және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 450 станция иелігінде.

2023 жылы жүргізілген талдау қорытындысына сәйкес, қала аумағында байланыс сапасы төмен 147 нүкте анықталған болатын («Кселл» – 53, «Кар-Тел» – 33, «Мобайл Телеком-Сервис» – 41). Осы кемшіліктерді жою мақсатында арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Соңғы үш жыл ішінде 295 жаңа базалық станция («Кселл» – 215, «Кар-Тел» – 80) іске қосылып, 398 станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілді («Кселл» – 246, «Кар-Тел» – 144, «Мобайл Телеком-Сервис».

Сонымен қатар, заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде 361 базалық станция бүгінде 5G жиілігінде жұмыс істеуде. Бұл шаралар байланыс сапасы төмен аймақтар санын 11 нүктеге дейін азайтуға мүмкіндік берді («Кселл» – 6, «Кар-Тел» – 5).

Қазіргі таңда операторлар тарапынан базалық станцияларды орнату мерзімін қысқарту мақсатында жаңа антенна-мачталық құрылғыларды (18) және қос мақсатты тіректерді (1) орнату жұмыстары қолға алынған. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын жоғары жылдамдықты әрі тұрақты мобильді интернетпен толық қамтуға жол ашады.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

 

 

 

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет