jasqazaq.kz

Шымкент — инклюзивті орта қалыптастыру бағытында

25 шiлде 2025, 11:15

Шілде айының ортасынан асқанда, Шымкент қаласында Қазақстанның XII Азаматтық форумына дайындық аясында «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты Өңірлік Азаматтық форум өттті. Бұл — үкіметтік емес сектор, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы әріптестікті нығайтатын және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған маңызды іс-шара.
Өңірлік азаматтық форумның негізгі міндеттерінің бірі — қоғамның инклюзивті және тұрақты дамуына атсалысып жүрген қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың жұмысын көрсету, түйткілдерін шешуге атсалысу. Бұл тұрғыда 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының алар орны орасан.

Мәселен, 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоры Шымкент қаласының тұрғындарына 12,1 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетіпті. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шынқысбаеваның мәліметінше, әсіресе, денсаулық сақтау саласында ауыр науқасқа шалдыққан жандарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қосқан үлесі ауыз толтырарлық.

– Орфандық аурулары бар 59 пациент үшін Шымкент қаласында жалпы сомасы 9,506 млрд теңгеден астам дәрілік заттар сатып алынды.

– Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде (ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген) онкологиялық және онкогематологиялық аурулары бар пациенттерді қамтамасыз ету бойынша 61 пациент 1,079 млрд теңге сомасына (барлығы – 15 ДЗ атауы) заманауи мақсатты дәрілік заттарды алды.

–2 пациентке шетелдік клиникада 14,7 млн теңге сомаға емдеу ақысы төленді.

– Тамырлы патологиясы бар 4 бала емделді, 0,64 млн теңге сомасына дәрілік терапия, коагуляция өтті.

– 28 өңірлік медициналық мекеме республика бойынша офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген (307 млн теңге). «Қалалық перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК, «Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК, «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК жалпы сомасы 45,9 млн теңгеге диагностикалық линзалар, офтальмоскоптар және офтальмологиялық лазерлер жеткізілді. Өңірлік транспланттау үйлестірушісі 4,19 млн теңгеге оқытылды.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

 

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады