jasqazaq.kz

Шымкент: Инклюзивті білім беру мен ерекше жандарды қолдауға 9,3 млрд теңге бөлінді

10 қыркүйек, 13:53

Шымкент – халқы ең қарқынды өсіп келе жатқан қала. Сондықтан да әлеуметтік мәселелердің ішінде ерекше жандарды қолдау, инклюзивті білім беруді дамыту және жұмыспен қамту бағдарламалары күн тәртібінен түспейді. Қала бюджетін жоспарлау барысында осы бағыттарға қаншалық қаражат бөлінеді? Инфрақұрылым қаншалық дамып жатыр? Осы сұрақтарға Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев Jas Qazaq тілшісіне жауап берді.
Оның айтуынша, жалпы білім беру саласына 287 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде инклюзивті білім беру мен ерекше жандарды қолдауға 9,3 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл – жалпы бюджеттің 3,2 пайызы. Оның ішінде:
— оңалту орталығында дамуында проблемалары бар 167 балаға — 481,9 млн теңге;
— мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 000 балаға — 1,3 млрд теңге;
— психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне — 932,5 млн теңге;
— санаториялық бала бақшалардағы 620 балаға — 1,6 млрд теңге;
— жалпы орта мектептеріндегі 522 штаттық бірлік мұғалім логопед, дефектолог, педагог ассистенттің жалақы қорына — 1,2 млрд теңге;
— 5 арнаулы интернаттардағы 868 балаға – 3,7 млрд теңге бөлініп отыр
— Еңбекпен қамту және масылдықты азайтуға бағытталған әлеуметтік жобалардың бюджеттегі үлесі қандай?
– 2025 жылы жұмыспен қамтуға 8 млрд теңгеден аса қаражат жоспарланып отыр. Бұл шамамен бюджеттегі үлестің 1 пайызына тең. Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық азамат жұмысқа тартылмақ. Оның ішінде:
— Қоғамдық жұмыстарға 1802 адам (110 096 тг.),
— Жастар бағдарламасы 2251 адам (117 096 тг),
— Алғашқы жұмыс орындары 1531 адам (117 096 тг),
— Кәсіптік оқыту 2388 адам (75 640 тг),
— Гранттарға 330 адам (1 572 800 тг),
— Күміс жас жобасы 1068 адам (117 096 тг),
— Әлеуметтік жұмыс орындары 100 адам (94 368 тг).
Сонымен қатар, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жалпы 5 624,7 млн теңге 8 306 (41 530 адам) отбасын қамтуға жоспарланған.
Ерлан Есқараевтың айтуынша, биыл мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен – 14 897,3 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 42 702 мүгедектігі бар азамат тіркелген, оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедектер – 4 883;
— екінші топтағы мүгедектер – 15 5582;
— үшінші топтағы мүгедектер – 13 889;
— 18 жасқа дейінгі 8 348 мүгедек балалар тіркелген.

Олжас Әбдіхалық

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке