Шымкент: Инфрақұрылым жүйелері экологияның жақсаруына алып келеді

31 шiлде 2023, 11:54

Шымкентте күн жылына бастағаннан ауада шағымсыз иістің таралуы орын алып тұрады. Шымкент қаласының экология департаментіне Ынтымақ шағынауданы тұрғындарынан жағымсыз иіс бойынша «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің кәріз суларын тазалау қондырғысына шағымдар түскен болатын. Жүргізілген тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 995 мың теңгеден астам 2 айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолданды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тарапынан кәріз суларын тазалау қондырғысының аумағынан шығатын жағымсыз иісті болдырмау мақсатында мерзімдері көрсетілген іс-шара жоспары әзірленіп, департаменттің келісімімен бекітілді. ҚР Үкімет басшылығы мен Министрлік тарапынан бей-берекет қоқыс орындарын жою жұмыстарына үлкен көңіл бөлінуде.

Департамент мамандарымен аумақтарды аралау арқылы сәуір айынан осы күнге дейін қала аумағында 22 қоқыс орны анықталды. Барлық қоқыс орындары аудан әкімдіктерімен уақытылы тазартылды. Әкімдік мамандары бірден тиісті техникаларды жұмылдырып, қысқа уақытта тазалауды ұйымдастырып отыр. Департамент және аудан әкімдіктерінің мамандары қоқыс үйінділерін анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда Тұран ауданы бойынша 2 қоқыс орны толық тазаланды.

Шымкент қаласының атмосфералық ауасының жағдайына «Казгидромет» мекемесінің 6 стационарлық бекеттері арқылы мониторинг жүргізіледі. Ластану 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі, жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. 2023 жылдың 1-тоқсанында атмосфералық ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болып бағаланды.

Қала ауасы 2019 жылдан бері ластанудың жоғары деңгеймен сипатталып келген болатын. Қазір жағдай біршама тұрақталды. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрақты көздерден ауаға ластаушы заттардың шығарындылар көлемі 33,41 мыңнан 29,55 мың тоннаға дейін төмендеуі байқалса, 2021 жылы шығарындылар 33,16 мың тоннаға көтерілген. Бұл жағдайды біз пандемиядан кәсіпорындардың толық куатқа шығуымен және жаңадан өндірістердің іске қосылуымен байланыстырып отырмыз.Автөкөлік шығарындылары 2019 жылы 40,40 мың тонна болса, 2020 жылы 46,7 мың тонна, 2022 жылы 56,97 мың тоннаны құрады. Қалада 370,6 мыңға жуық көлік бірлігі тіркелген. Оның ішінде, жеңіл көлік – 317,3 мың бірлік, жүк көліктері – 29,6 мың, автобустар – 6,52 мың бірлік.

Бұл бағыттардағы жұмыстарды жандандыруда жол картасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда жеке секторды газдандыру мен қоғамдық көліктерді сығымдалған газ пайдалануға өткізу жүзеге асырылып жатыр. Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтуда инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүріп келеді. Себебі, тұрмыстық ағынды су үй маңындағы қазылған шұңқырға төгіліп, бұл жерасты және жерүсті суын ластайды. Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады