Шымкент: Индустриалды аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асқан

31 тамыз 2023, 22:07

Шымкент қаласында соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге жетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өскен. Сонымен қатар қалаға 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 миллиард теңгеден 613 миллиард теңгеге жеткен.

Макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар. Ағымдағы жылдың 5 айында инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан.

— Бүгінгі таңда қалада индустриалық өндіріс аймағы даму жолына түсті. Қазір қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істеуде. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрылып, 358 миллиард теңгеге 337 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты, жаңадан 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аумақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақтарда 400 миллиард теңгені құрайтын 284 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орындары құрылатын болады. Жаңадан құрылатын аумақтардың екеуі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, үшеуі жаңадан құрылатын алаңдар. Оның ішінде жаңадан құрылатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр, — дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашу көзделген. Бұдан бөлек, 200 миллиард теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланыпты.

— Бүгінде аталған аймақта инвестициялық құны 147 миллиард теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеттік. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7 миллиард теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде. Сонымен бірге, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға 23 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылатын болады,- деп алдағы жоспарымен де бөліскен болатын қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз