jasqazaq.kz

Шымкент: Газдан уланудың алдын алу шаралары жүргізілуде

19 қараша 2025, 17:21

Шымкент қаласында газдан улану фактілерін ескере отырып, прокуратурамен бірлесіп арнайы жұмыс алгоритмі құрылып, тәуекел аймақтар анықталды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мекемесі қызыл аймаққа кіретін «Самал 3», «Ақжайық», «Нұрсәт», «Күншығыс», «Қайтпас», «8 және Спорт шағын аудандарында», сондай-ақ тәуекел аймаққа енген «Самал 1, 2», «11 шағын аудан», «Сайрам», «17 шағын аудан», «Көксай», «Қызылжар», «112 орам», «5 шағын аудан», «Қарасу» шағын аудандарында жұмыстар жүргізуде.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Мекеме тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Газ құрылғыларының ақауы анықталған 810 абонент уақытша ажыратылды, 371 абонентке газ жабдығы қалпына келтірілгеннен кейін қайта қосылды. Қазіргі уақытта 1 794 үйде жұмыстар жүргізілуде.
Тұтынушылардың газ пайдалану қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтары үшін 2025 жылы 84 адамға 1 209 090 теңге, ал 15 адамға қосымша 383 370 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, газдан улану оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Брифингте табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет екені айтылды. Қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындау – оқыс оқиғалардың алдын алып, әр отбасының амандығын қамтамасыз ететін ең маңызды қадамдардың бірі.

Газ тұтыну жүйелері мен жабдықтарының техникалық жай-күйін уақытылы тексеріп отыру – қауіпсіздіктің басты талабы. Газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасаспай, оны пайдалануға тыйым салынатыны да ерекше назарда болуы тиіс. Сондықтан жоспарлы тексерулерді дер кезінде жүргізіп, жабдықтардың жарамдылығына көз жеткізу маңызды.

Үй ішінде желдетуді қамтамасыз ету де аса қажет. Газ плитасын жылыту құралы ретінде қолдану – газдан улануға және ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Үй ішінде газ иісі сезілсе, бірден «104» нөміріне хабарласу керек.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, газдан улану мен жазатайым жағдайлардың алдын алуға болады. Сонымен қатар, газ жабдықтарын пайдалану талаптарын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 306-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Оған сәйкес, жеке тұлғалар 7 АЕК айыппұл төлейді.

JQ-Aqparat

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді