Шымкент: Фермерлер мен диқандардың өндірген өнімінің көлемі 4 пайызға артты

28 тамыз 2023, 10:50

Шымкентте ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 7 айда 26 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға артқанын байқауға болады. Оның ішінде, әсіресе, мал шаруашылығы бағыты бойынша өсім қарқынды. Нақтырақ айтар болсақ, шымкенттік фермерлер мен диқандардың өткен 7 айда өндірген өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыра қарағанда 4 пайызға артып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден астам жұмыс орны ашылады.

Соңғы жылдары экономикаға тартылған инвестиция көлемінің артуы бойынша Шымкент қаласы республикада алдыңғы қатардан көрініп келе жатқаны белгілі. Нақтырақ тоқталып өтетін болсақ, Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болғалы бері, яғни, 2018-2022 жылдары аралығында шаһар экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның үстіне бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын өркендету үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелер анықталуы тиіс. Оларды біртіндеп шешу қолға алынса, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.

Үшінші мегаполисте ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында кешенді жоспар бекітіліп, бүгінде жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі – кластерлік жобалар. Шаруаларды бір кооператив астында біріктіріп, оның өнімдері қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліп тұрса, бұдан шаруа да, өңдеуші кәсіпкер де ұтпаса ұтылмасы анық. Қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы шаһардағы 5 аудандағы шаруаларға кластерлік жобаны насихаттайтын 15 семинар-жиын өткізген. Ондағы мақсат – үй-іргелік жерлерді тиімді пайдалана отырып, отбасылық шаруашылықпен айналысып жылына 2-3 рет сұранысқа ие өнім егіп, табысын арттыру және қала аумағындағы ірі кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Осылайша 91 кластерлі жобаның тізімі анықталып, 6 ай ішінде 62 жоба жүзеге асырылды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз