jasqazaq.kz

Шымкент: Ерекше жандар спорт арқылы жаңа белесті бағындырды

16 қазан 2025, 10:25

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалып отыр. Шымкент қаласында да инклюзивті спортты дамытуға айрықша маңыз беріледі. AMANAT партиясының бастамасымен және серіктес ұйымдардың қолдауымен «Тең мүмкіндіктер» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт фестивалі ұйымдастырылды. Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен ерекше форматтағы инклюзивті спорт фестивалінің маңызы өте зор. Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды спорт арқылы қоғам өміріне бейімдеу, олардың әлеуетін арттыру және тең мүмкіндік қағидатын кеңінен дәріптеу.

Фестивальді AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының Бочча федерациясы қоғамдық бірлестігі өткізді. Іс-шараның ашылу рәсімінде AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов инклюзивті спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, фестивальге қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, демеушілер, «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Сайыс барысында балалар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бағыттары бойынша өзара сынға түсіп, ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Алғыс хаттар, медальдар және арнайы сыйлықтар табысталды.

Фестиваль мейірім мен түсіністікке, қолдау мен ынтымақтастыққа толы мерекеге айналып, балалар мен ата-аналардың, ұстаздар мен еріктілердің жүздеріне қуаныш сыйлады.

Алдағы уақытта шаһарда инклюзивті спорт сайыстары, фестивальдер одан әрі де жалғасын табады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады